Accessibility links

ІІМ электросамокаттардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты


Самокатты паркоматқа қойып жатқан ер адам. Көрнекі сурет.
Самокатты паркоматқа қойып жатқан ер адам. Көрнекі сурет.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусымда халыққа есеп беру жиынында елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты.

"Жол қозғалысы туралы заңда самокат сияқты көлік құралы көрсетілмеген. Оның бірнеше себебі бар. Аталған көлік құралының сертификациясы жоқ. Екіншіден, олар көлік құралында болуы тиіс талаптарға сәйкес емес, яғни, дөңгелек диаметрі, тоқтату жүйесі, габариттік фонарь, артқы айна, қауіпсіздік жүйесі жоқ. Қазір көше мен трассада электросамокатпен жүруге мүлде тыйым салынған. Олар жол қозғалысының қатысушысы болмағандықтан олардың қозғалысына шектеу қойылады" деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, электросамокат пайдалануға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.

"Қазір велосипед жолдары мен тротуарларға қатысты мәселе қаралып жатыр, себебі самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымды құрайды. Кейбір елдерде шектеу енгізілген. Ұлыбританияда жекелеген аумақтан басқа жерлерде самокаттарды пайдалануға тыйым салынған. Еуропаның өзге елдерінде де жылдамдық режиміне байланысты шектеу енгізіліп жатыр. Бізде бұл мәселе реттелмеген. Қазір барлық мүдделі орган қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы құрылды. Менің ойымша, осы топтың шешіміне қарай заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын" деді ол.

Қарай отырыңыз: Электросамокатпен жүру қауіпті ме? (7 тамыз 2019 жыл).

Электросамокатпен жүру қауіпті ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG