Accessibility links

Израиль әлемде бірінші болып теріден жасалған бұйымдарды сатуға тыйым cалды


Израиль былғарыдан жасалған бұйымдарды сатуға тыйым салды. Қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гимлиэль осындай қаулыға қол қойды, деп хабарлады The Jerusalem Post.

Осылайша, Израиль теріден жасалған бұйымдарды мемлекет деңгейінде тыйым салған әлемдегі бірінші ел атанды.

Тыйым 2021 жылдың желтоқсанында күшіне енеді. Тері бұйымдарын ғылыми және білім беру, сонымен бірге діни ғұрыптарды орындау мақсатында пайдалануға болады. Тыйымды бұзғандарға 75 мың шекель айыппұл (25 100 доллар) немесе бір жыл түрме жазасы беріледі.

Жануарларды қорғаушылар Израильде былғары бұйымдарды сатуға тыйым салуды 2009 жылдан бері талап етіп келді. Animals Now ұйымының мәліметі бойынша, мұндай тыйымды тұрғындардың 86 пайызы қолдайды.

Әлемнің киім шығаратын ірі компаниялары соңғы уақытта былғарыдан жиі бас тартып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG