Accessibility links

760 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 10 адам қайтыс болды


Екпе пункті.
Екпе пункті.

Қазақстанда өткен тәулікте 757 адамның анализінен коронавирус анықталды. 181-і – Нұр-Сұлтан тұрғыны. Қарағанды облысында да науқастар азаймай тұр. Мұнда 14 маусымда 161 науқас тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" қалып отыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбі күні өткен аптамен салыстырғанда астанада науқастар 7 пайызға көбейді деп мәлімдеді. Қалған қалалар мен облыстар "сары" және "жасыл аймақта".

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 402 996 адамның коронавирус тесті оң шыққан.

13 маусымде тағы үш адам пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққан. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген. 2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 56 216 адам "пневмониямен" ауырған.

Індет басталғалы бері 4180 адам (13 маусымда 9 адам қайтыс болған) коронавирустан қайтыс болған. Тағы 3416 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады. Одан бөлек, індет басталғалы бері шамамен 2 мың адам коронавирустың "жанама әсерінен" қайтыс болған. Қазақстанда мұндай адам өлімі көрсеткіші Covid статистикасына енгізілмейді.

15 маусым таңертеңгі мәлімет бойынша, елде 21 204 адам (95 пайызына вирус жұққаны тестпен дәлелденген) коронавирустан емделіп жатыр. Стационарда 6 655 адам жатыр. 458 адамның жағдайы – ауыр, 110 науқастың жағдайы өте ауыр, 69 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 2 млн 547 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 435 мыңы екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 176,2 млн 206 мың адамнан коронавирус анықталған. 3,8 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG