Accessibility links

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың "үшінші толқыны" келгенін айтты


Көрнекі сурет.

Қырғызстанда коронавирустың "үшінші толқыны" байқалып жатыр. 15 маусым күнгі брифинг кезінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Жалалидин Рахматулаев осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, өткен тәулікте "пневмонияны" есептегенде Қырғызстанда 514 адамнан коронавирус анықталған. Жартысына жуығы Бішкектің үлесіне тиеді. Ош қаласында да көп науқас тіркелген. Қазір Бішкек пен Ош қалалары коронавирус бойынша "қызыл аймақта"тұр.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар көбейген. 2020 жылдың наурыз айынан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түрін есепке алғанда 111 343 науқас тіркелген. 1905-і қайтыс болған. Өткен тәулікте Бішкекте – 4, Шу мен Ыстықкөл облыстарының әрқайсысында 1 адам коронавирустан қайтыс болған.

Індет кезінде 4920 медицина қызметкері коронавируспен ауырған, 4691-і айыққан.

Өткен тәулікте 367 адам коронавирустан жазылған, індет кезінде 103 257 адам айыққан. Қазір ауруханада 2052 пациент жатыр. 3 мыңнан астамы амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Қырғызстанда вакциналау науқаны 29 наурызда басталған. Қазір 90 мыңнан астам адамға вакцина егілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG