Accessibility links

Ресей мен АҚШ саммиті қарсаңында Женевада Навальныйға арналған граффити пайда болды


Навальныйға арналған граффити.
Навальныйға арналған граффити.

АҚШ және Ресей басшыларының кездесуі қарсаңында Женевада ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға арналған граффити пайда болды. Онда "Қазіргі заманның батыры" деген француз тілінде жазу бар.

Граффити сәуір айында Санкт-Петербургте пайда болып, артынша жұмысшылар бояп тастаған суреттен аумайды. Суретте Навальный саусағымен жүректің формасын көрсетіп тұр. Ол жерде де "Жаңа заманның батыры" деген жазу болған. Бес сағаттан соң коммуналдық қызмет жұмысшылары келіп, граффитиді бояп тастаған. Петербург полициясы вандализм бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда прокуратура кейін қаулының күшін жойды.

15 маусымда Женевадағы орыс диаспорасы Навальныйды босатуды талап етіп, акция өткізеді. Бұған қоса, Ресейдегі саяси қуғын мен адам құқығының бұзылуын айыптап, демократияға қайшы басқару жүйесін сынамақ.

14 маусымда америкалық NBC арнасына берген сұхбатында Путин Кремльдің саясаткерді улауға "қатысы" жөнінде сұрақтарға жауап берген. Ресей билігінің "біреуді өлтіретін әдеті жоқ" деді Путин. Ол бұл жолы да Алексей Навальныйдың атын атамай, саясаткер түрмеден тірі шыға ма деген сұраққа "иә" деп жауап бермеген. Ал Кремльдің жариялаған стенограммасына Путиннің сұхбат кезінде айтқан "маған бәрібір" деген тіркесі енбей қалған.

  • Алексей Навальный қазір Владимир облысындағы Покров түрмесінде қамауда отыр. 2 ақпанда сот 2013 жылғы "Ив Роше" ісі бойынша шыққан шартты жазасын түрме жазасына алмастырған. Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты істің саясиланғанын айтқан. Сот үкіміне сәйкес, саясаткер түрмеде 2 жыл 8 ай отыруы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG