Accessibility links

Ресейліктер Беларусь, Қытай және Қазақстанды "ең жақын досымыз" деп санайды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта).
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта).

"Левада-Центр" орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеуде ресейліктер Беларусь, Қытай және Қазақстанды "ең жақын дос елдер" деп атаған.

Зерттеуге қатысқандардың 58 пайызы Беларусьті Ресейдің досы деп жауап берген. Ал 34 пайызы Қазақстанды "Ресейдің досы" деп санайды. Ондықта Армения, Үндістан, Әзербайжан, Қырғызстан, Сирия, Германия және Куба бар.

Ресейліктер басым бөлігі АҚШ (66 пайыз), Украина (40 пайыз), Ұлыбританияны (28) "Ресейдің досы емес" деп жауап берген. Бұл тізімге Балтық жағалауы елдері, Польша, Германия, Грузия және Чехия енген.

Әлеуметтанушылар кейінгі уақытта ресейліктердің АҚШ-қа деген көзқарасы нашарлап кеткенін айтады. Наурызда ресейліктердің 42 пайызы, мамырда 54 пайызы "АҚШ – Ресейдің досы емес" деген.

"Левада-центрдің" мәліметінше, сауалнамаға қатысқандардың 83 пайызы "Ресейдің жауы бар" деп санайды.

  • Юрий Леваданың мемлекеттік емес сараптамалық орталығы – "Левада-центр" 2016 жылдан бері елде саяси әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді. Ресей билігі бұл орталықты "шетел агенті" деп таныған. "Левада-центр" мұнымен келіспейді. Бұл орталық мемлекеттік әлеуметтік қызмет орталықтары жүргізген сауалнамаларға күдік келтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG