Accessibility links

"Құмтөр Голд Компанидің" бір айлық табысы 40 млн доллардан асты


"Құмтөр Голд" компаниясының жұмысымен танысып жүрген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров (оң жақта). 15 маусым 2021 жыл.
"Құмтөр Голд" компаниясының жұмысымен танысып жүрген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров (оң жақта). 15 маусым 2021 жыл.

Қырғызстан "Құмтөр Голд" компаниясына сырттай басқару енгізгеннен бергі бір айға жетпейтін уақыт ішінде 44 мың унция алтын сатып, 40 миллион доллар көлемінде табыс тапқан.

Бұл туралы компания қызметкерлері 15 маусымда президент Садыр Жапаровпен кездесу кезінде айтты.

Сейсенбі күні Жапаров Құмтөрге барып, жұмыс барысымен танысқан.

Компания қызметкерлері кен мол шыққан жер қазыла басталса, алтын көлемі көбейетінін, жұмыс үзіліссіз штаттық режимде жүріп жатқанын, айлық уақытында төленіп, салықтарды да жоспарға сәйкес өтеп жатқанын жеткізді.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Оны канадалық "Центерра Голд" компаниясы жүргізіп келген. Қырғызстанның үлесі 26 пайыз.

Қырғызстан "Құмтөр Голд" жалпы 4 миллиард 252 миллион 800 мың доллар төлеуге міндетті екенін, ал "Центерра Голд" болса, қырғыз жерінде ешқандай заң бұзбағанын айтып келеді.

Биыл мамыр айында мәселе парламентте қаралып, Қырғызстан "Құмтөр Голд" компаниясына уақытша сыртқы басқару енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG