Accessibility links

Венгрия парламенті мектепте "гей-насихатқа" тыйым салатын заң қабылдады


Премьер Виктор Орбанға және ЛГБТ туралы заңға қарсы жұрттың наразылық жиыны. 14 маусым, 2021 жыл, Будапешт, Венгрия.
Премьер Виктор Орбанға және ЛГБТ туралы заңға қарсы жұрттың наразылық жиыны. 14 маусым, 2021 жыл, Будапешт, Венгрия.

Басым көпшілігі оңшыл консерватор премьер-министр Виктор Орбанның жақтастарынан тұратын Венгрия парламентінің депутаттары сейсенбіде мектептерде "гей-насихатқа" рұқсат бермеу туралы заңды мақұлдады.

Құқық қорғаушылар, ЛГБТ ұйымдары және Венгрия оппозициясы бұл заң адам құқықтарын өрескел бұзады деп санайды.

Қабылданған заңға сәйкес, мектепте гомосексуалдық пен транссексуалдықты талқылауға тыйым салынады. 18-ге толмағандарға гомсексуалдық және жынысты ауыстыру туралы "насихат" жасауға болмайды. Педофилия үшін жазаны күшейтуді көздейтін заңға осындай нормалар енгізілді. Шешімге қарсы болғандар "билік гомосексуалдықты балаға қарсы қылмысқа теңестіріп отыр" деп санайды.

Жақында Будапеште осы заң жобасына қарсы адамдардың жаппай наразылық жиыны өтті.

Мұның алдында Орбанның жақтастары жаңа Конституция қабылдады, ол бойынша некеге "ер мен әйелдің одағы" деген анықтама берілді. Жынысы бір жұптардың бала асырап алуына тыйым салынды.

Заңды сынаушылардың айтуынша, жаңа құжат Ресейдегі "гомосексуалдықты насихаттауға" тыйым салу заңына ұқсайды.

Алдағы жылы Венгрияда сайлау болады. Бақылаушылардың айтуынша, Орбан консервативті халықтың қолдауына сүйеніп, қарсыластарын ЛГБТ-ны жақтайтын әсіресолшылдар етіп көрсетуге тырысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG