Accessibility links

Иранда президент сайлауы өтіп жатыр, сарапшылар нәтижесі алдын ала айқындалып қойған деп санайды


Иранның келесі президенті болады делінген 60 жастағы Эбрахим Раиси дауыс бергеннен кейін ақпарат құралдарына қол бұлғап тұр. Тегеран, 18 маусым 2021 жыл.
Иранның келесі президенті болады делінген 60 жастағы Эбрахим Раиси дауыс бергеннен кейін ақпарат құралдарына қол бұлғап тұр. Тегеран, 18 маусым 2021 жыл.

Иранда президент сайлауы өтіп жатыр. Көптеген сарапшы оның нәтижесі алдын ала айқындалып қойған деп санайды. Дауыс беру АҚШ санкциясының салдарынан ел экономикасы құлдырап, басқару жүйесіндегі қателіктер мен коронавирус індетінен туындаған дағдарыс тереңдеп, қоғамда наразы көңіл-күй артқан шақта өтіп отыр.

Елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи сайлауға бойкот жариялауға шақырған мемлекет "жауларына" шүйлігіп, ирандықтарды дауыс беруге шақырды. Жұма күні мемлекеттік арналар бірнеше қалада сайлау учаскелерінде адамдардың дауыс беру үшін кезекке тұрғаны туралы видео көрсетті.

"Әрбір дауыс маңызды... келіңіз де дауыс беріп, президентіңізді таңдаңыз... бұл ел болашағы үшін маңызды" деді Тегеранда дауыс берген Хаменеи.

Жоғарғы соттың төрағасы, 60 жастағы Эбрахим Раиси екі реттік президент мерзімін атқарған Хасан Роуханиді алмастырады деп айтылады. Сарапшылар Раисидің 1988 жылы бірнеше мың оппозиционерді дарға асу ісіне қатысқанын айтады. Адам құқығын қорғаушылар оны адамзатқа қарсы қылмыс жасаған деп айыптайды.

Ирандағы құзырлы органдардың бірі Конституция сақшылары кеңесі көптеген кандидатты сайлауға жібермеді. Сайлауға өте алған кандидаттардың ішінде Абдулнасер Хеммати Раисиге негізгі қарсылас болуы мүмкін. Ол президент сайлауына түскенге дейін Иран орталық банкін басқарған.

Қарай отырыңыз: "Кісі өлтіруші" Раиси. Ирандағы президент сайлауының бас үміткері туралы не белгілі? (17 маусым 2021 жыл).

"Кісі өлтіруші" Раиси. Ирандағы президент сайлауының бас үміткері туралы не белгілі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:53 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG