Accessibility links

"Медиазона": 2020 жылы Ресейде пневмониядан қайтыс болғандар саны 2,5 есе артқан


Мәскеудің №52 емханасында коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеп жатқан медицина қызметкері. Ресей, 17 маусым, 2021 жыл.

Ресейде коронавирус инфекциясымен қоса, ресми түрде Covid-пен қатысы жоқ аурулардан қайтыс болғандар көрсеткіші күрт артқан. "Медиазона" басылымы Ресей статистика агенттігінің мәліметтерін саралау арқылы осындай қорытындыға келді. Мәселен былтыр бұл елде пневмониядан көз жұмғандар алдыңғы жылмен салыстырғанда 140 пайызға өскен. "Кәріліктен" қайтыс болғандар 20 пайызға, ал жүрек-қантамыр ауруларынан өлгендер 10 пайызға көбейген. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл адамдардың көбі шын мәнінде коронавирустан көз жұмған болуы мүмкін.

Covid жұқтырған жағдайда күрт қозатын созылмалы аурулардан да өлім көбейген. Мәселент қант диабетінен көз жұмғандар 25 пайызға, ал орталық жүйке жүйесі дертінен қайтыс болғандар 20,9 пайызға артқан.

2020 жылы Ресейде орташа көрсеткіштен 400 мыңға көп өлім тіркелген. Мұның жартысынан азы ғана пандемия кесірінен деп көрсетілді. Кей аймақтарда өкпе ауруынан қайтқандар саны еселеп артқан. Кісі өлімі көп тіркелген аймақтар қатарында Башқұртстан, Шешенстан және Солтүстік Осетия бар.

Мәселен Шешенстанда тыныс алу органдары дертінен қайтыс болғандар саны 674 пайызға артқан (2019 жылы 168 адам болса, былтыр 1300 адам көз жұмған), Солтүстік Осетияда – 300 пайызға (2019-да 230, 2020 жылы – 928 адам), Самара облысында – 202 пайыз (2151 - 713).

  • Соңғы күндері Ресей астанасы мен оның маңайында коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Кей ақпарат құралдарының хабарлауынша Мәскеуде 20 маусымнан бастап қайта локдаун енгізу мәселесі қаралып жатыр.
  • 16 маусымда Мәскеу қаласы мен облысының басшылары қызмет көрсету, білім, транспорт саласы өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызына коронавирусқа қарсы екпені міндеттеп салу туралы шешім шығарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG