Accessibility links

АҚШ санкциясына іліккен Раиси. Тоқаев Иранның жаңа сайланған президентін құттықтады


60 жастағы Раиси 2019 жылдан бері Иран Жоғарғы сотын басқарды. Оған дейін ол бас прокурор болған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа сайланған президенті Ибрахим Раисиді жаңа қызметімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі" делінген баспасөз хабарламасында.

18 маусым күні Ирандағы президент сайлауында Жоғарғы соттың төрағасы Ибрахим Раиси жеңіске жеткен. Оған сайлаушылардың 62 пайызы немесе 17,9 миллион адам дауыс берген. Сайлауға дауыс беруге құқылы ирандықтардың 48,8 пайызы ғана қатысқан.

Раиси – Батыспен қарым-қатынаста қатаң саясат ұстануды қолдайтын ультраконсерватор. Ол осыған дейінгі президент сайлауында Хасан Руханиға жол беріп, екінші орын алған.

Раиси Иранның Жоғарғы сотын 2019 жылдан бері басқарады. Оның бұл қызметке тағайындалуы БҰҰ деңгейінде сынға ұшыраған. Құқық қорғаушылар оны 1980-жылдары Иранда мыңдаған саяси тұтқынның өлім жазасына кесілуіне қатысы бар деп санайды. Раиси үкім шығарған комитеттің төрт мүшесінің бірі болған.

2019 жылдан бері ол америкалық санкция тізімінде.

"Кісі өлтіруші" Раиси. Ирандағы президент сайлауының бас үміткері туралы не белгілі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:53 0:00

Иран Қазақстанмен шектеспейді, бірақ екі ел Каспий теңізі бойынша әріптес. Сондай-ақ екі ел арасында сауда қатынасы бар. БҰҰ дерегінше, Қазақстан Иранға 300 миллион доллардың тауарын экспорттап, ол жақтан 80,7 миллион доллардың тауарын импорттаған.

Иранның жаңа президентін Тоқаевтан бұрын Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин құттықтаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG