Accessibility links

Мәскеуге барғанына үш ай болған Ресей елшісі Вашингтонға қайта жол тартты


U.S. -- Russian Ambassador to the United States Anatoly Antonov gives an interview to the TASS news agency in New York, September 26, 2019
U.S. -- Russian Ambassador to the United States Anatoly Antonov gives an interview to the TASS news agency in New York, September 26, 2019

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов жексенбі, 20 маусым күні таңертең Мәскеуден Нью-Йоркке ұшты. Ол АҚШ-қа үш айлық үзілістен соң оралмақ.

Елші Джо Байденнің телесұхбат кезінде "Путин кісі өлтіруші ме?" деген сұраққа "иә" деп жауап беруінен соң Мәскеуге шақыртылған.

Сәуірде Ресей билігінің ұсынысымен АҚШ елшісі Джон Салливан да өз еліне қайтқан.

Елшілерді дипөкілдікке қайтару туралы келісім АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің 16 маусым күнгі кездесуінде жасалды.

Антонов дүйсенбіден бастап Вашингтоннан жұмыс істей бастайды.

АҚШ елшісі Мәскеуге алдаға аптада қайтпақ.

Екі елдің қарым-қатынасы "Қырғи-қабақ соғыстан" бергі ең бір шиелініскен тұста тұр. Елшілер орнына оралғанымен, дипмиссия жұмысын шектейтін шаралар әлі өз күшінде. Олардың арасында Ресейдің АҚШ-ты "дос емес елдер" тізіміне кіргізуі де бар. Женевадағы кездесуде екі президент стратегиялық тұрақтылық пен киберқауіпсіздік жөнінде диалог бастауға келісті, бірақ оның іс жүзінде қандай болатыны әлі белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG