Accessibility links

Путин тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарына жауап береді


Владимир Путин тікелей эфирде сұрақтарға жауап беріп отыр. 2020 жыл.
Владимир Путин тікелей эфирде сұрақтарға жауап беріп отыр. 2020 жыл.

Кремль баспасөз қызметі президент Владимир Путиннің тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарына қашан жауап беретінін хабарлады. Он аптадан кейін халық арасында беделі жоғалып бара жатқан басқарушы "Единая Россия" партиясы парламент сайлауына қатысып, оның танымалдығы сынға түседі.

Кез келген азаматқа президентке тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі деп айтылатын мұндай шара осыған дейін тұрақты түрде өтіп келген. Бірақ биыл 30 маусымға белгіленген бағдарлама "Единая Россия" партиясының танымалдығы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке құлдилап кеткен кезде өтейін деп отыр.

Бұл Кремль үшін бас қатыратын мәселе. Былтыр билік Конституцияға өзгерістер енгізіп, Путинге 2036 жылға дейін билікте қалуына жол ашқан. Сарапшылардың айтуынша, егер 450 орындық мемлекеттік думаға "Единая Россиядан" басқа партиялар өтіп кетіп, олар басым күшке айналса немесе сайлауға қатысу белсенділігі төмен болса, бұл 2024 жылғы президент сайлауында билікке кедергі келтіруі мүмкін.

Ресейді ең ұзақ басқарған басшылар қатарына кірген Путин қайта сайлауға түсе ме, жоқ па, әзірге нақты мәлімдемеді. Жалақының өзгеріссіз қалуы, инфляцияның ұлғаюы және өмір сапасының нашарлауына наразы ресейліктер көбейіп жатқан шақта Путин іс жүзінде "теңдессіз саяси тұлға" ретінде қалып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG