Accessibility links

Шешенстанда мемлекеттік арна директоры Қадыровтың "жауларын" өлтіруге уәде берді


Чингиз Ахмадов.
Чингиз Ахмадов.

"Грозный" мемлекеттік телерадиокомпаниясының директоры Чингиз Ахмадов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынағандар мен оның "жауларына" шүйлігіп, қоқан-лоқы жасады.

Инстаграм желісінде жарияланған видеода Ахмадов "Рамзан Қадыровты жақтайтынын" білдіреді.

"Егер біреуді өлтіру қажет болса, өлтіруге лайықты болса, өлтіреміз. Егер біреуді ұрып-соғу қажет болса, ұрамыз, біреуге бірдеңе айту керек болса, айтамыз" деді Ахмадов. Оның сөзінен "Кавказ.Реалии" сайты (Азаттықтың Солтүстік Кавказ редакциясы)үзінді келтіреді.

Ол "Рамзан Қадыровтың жауларын" шешен халқының да, жеке өзінің де "жауы" деп есептейтінін айтқан.

Шешенстанның қауіпсіздік қызметі аймақ басшысы Рамзан Қадыров пен оның төңірегіндегі адамдардың саяси қарсыластарын "жазалап", олардың құқықтарын өрескел бұзумен танымал.

Наурыз айында АҚШ мемлекеттік департаменті Адам құқығы жайлы баяндамасында Шешенстандағы жағдайды сынаған. Есепте атап айтқанда, Рамзан Қадыровтың саяси оппоненттерін қудалау, cотсыз дарға асу, заңсыз ұстау, азаптау туралы деректер келтірілген.

Қадыров өзін сынағандар мен журналистерге бірнеше рет қоқан-лоқы көрсеткен. Бұрын өлім жазасымен қорқыту "шешен этикасының" бір бөлігі деп те мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG