Бішкек қалалық соты бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабановты қамауда ұстау туралы сот шешіміне түсірілген шағымды қарады. Адвокат саясаткерді үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ сот Бабановты 31 шілдеге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған.
Ал Бабановтың сот ғимараты алдына жиналған жақтастары Үкімет үйіне қарай беттейтінін ескерткен. Олар экс-премьерді босатуын талап етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингіге бірнеше мың адам жиналған.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабановты 31 мамырда ұстады. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткер "Құмтөр" жобасын жүзеге асыру кезінде болған жемқорлыққа қатысқан деген айыппен ұсталды. Бішкектің 1-май аудандық соты 2 маусымда Бабановты екі ай тергеу изоляторында ұстау туралы шешім шығарды.
Өмірбек Бабановтың отбасы 18 маусымда президент Садыр Жапаровқа арналған үндеуін таратты. Онда Бабановқа тағылған айыптар негізсіз екені айтылған.
ПІКІРЛЕР