Accessibility links

Канада мен Қытай БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде дауласып қалды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясы.

Канада және тағы 40 ел 22 маусымда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қытай билігінен Шыңжаңға тәуелсіз бақылаушылар жіберуін талап етіп, Пекинді ұйғырларды шеттетті деп айыптады.

"Біз Пекиннен Шыңжаңға тәуелсіз бақылаушылар жіберуін талап етеміз" деп мәлімдеді Канада өкілі Женевадағы сессияда. Адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясы 21 маусымда басталып, 13 шілдеге дейін созылады.

Канада өкілінің мәлімдеуінше, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет 2018 жылдан бері Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданына тәуелсіз бақылаушылар жіберуге Қытай билігінен рұқсат ала алмай жүр.

Канада Шыңжаңда миллионнан астам ұйғырдың лагерьлерде азап кешіп жатқанына алаңдайды. Канада ұстанымын тағы 40 мемлекет қолдады.

Қытайдың БҰҰ кеңесіндегі өкілі Оттаваға әуелі канадалық үндістер құқығын қорғауға кеңес берген. Мамырдың аяғында Канадада үндістерге арналған мектеп-интернаттың 200-ден астам түлегінің сүйектері табылды. Бұл мектеп 1978 жылға дейін жұмыс істеген. Пекин канадалықтарға үндістерге қарсы жасалған қылмысты зерттеуге кеңес берген.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Еуроодақ елдері Қытайды ұйғыр халқына қысым жасады деп айыптап, оған қарсы санкциялар енгізген. Бірақ Пекин өзіне тағылған айыптарды мойындамай, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қатысты саясатын "адам құқығы саласындағы жетістіктің үздік үлгісі" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG