Accessibility links

1577 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 8 науқас қайтыс болды


Екпе пункті. Алматы, маусым айы 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, маусым айы 2021 жыл.

23 маусымда 1496 адамның анализінен коронавирус анықталды. Екі күн бұрын 81 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 8 адам қайтыс болған: 7 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейіп жатыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары осы аптада Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустың жылдам тарайтын түрі – "үндістандық штамм" анықталғанын хабарлаған. Елде карантин шаралары біртіндеп күшейіп жатыр.

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда – 568, Алматыда – 186, Қарағанды облысында – 145, Ақмола облысында – 36, Алматы облысында – 37, Павлодар облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында 91 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 47, Атырау облысында – 60, Шығыс Қазақстан облысында – 78, Жамбыл облысында – 21, Ақтөбе облысында – 40, Қостанай облысында – 30, Қызылорда облысында – 29, Маңғыстау облысында – 36, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында 27 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 413 267 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 4268-і қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 708 адамға жетті. 3432-і көз жұмған деп айтылады. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген.

Қазір 22 098 адам коронавирустан емделіп жатыр. (20 мыңнан астамының ПТР тесті оң шыққан). Стационарда 6588 адам емделіп жатыр. 15 510 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жүр. 408 адамның жағдайы ауыр, 95 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Қазақстанда 2 млн 920 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 793 мыңы екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 179 млн 539 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 890 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG