Accessibility links

Қырғызстанда қыздарға "қырындаған" жігіттерді қамауға алу ұсынылды


Әйелдерге күш көрсетуге қарсы наразылық акциясы.
Әйелдерге күш көрсетуге қарсы наразылық акциясы.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) қыздарға тиіскен жігіттерді жеті тәулікке қамауға алуды ұсынды.

Бұл туралы 24 маусымда Жогорку Кеңеште күш құрылымдары өкілдерімен өткізген жиында айтылды.

ІІМ Академиясы басшысының орынбасары Бақыт Дубанаев "Отбасындағы зорлықтан сақтау және қорғау жөніндегі" заңды кеңейтіп, бейтаныс адамдардың жасаған зомбылықтары жөнінде де бап енгізу керек екенін айтты.

"Біз аталған заңға және Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске әйелдерге зорлық көрсеткендерді қамауға алу ордерін беру туралы бапты енгізуді ұсынамыз. Бұл арқылы қызға тиісіп, қырындаған жігіттер жеті тәулікке қамауға алынады және жәбірленген қыз қорғауға алынады" деді ол.

Милиция өкілі алып қашудың құрбаны болған Бурулай Турдаалыкызы мен Айзада Канатбековаға да жігіттер алғаш тиісіп, соңы қайғылы жағдайға алып келгенін еске салды.

Осыған дейін ІІМ отбасылық зорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы бөлім ашылатынын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG