Accessibility links

Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылды


Банкте кезек күтіп тұрған халық. Көрнекі сурет.
Банкте кезек күтіп тұрған халық. Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Capital Bank Kazakhstan АҚ-ын банк және өзге де операция жүргізу лицензиясынан айырды.

Агенттіктің мәліметінше, оған төмендегі жайттар себеп болған:

  • пруденциалды нормативтерді (Ұлттық банк бекіткен көрсеткіштер) жүйелі түрде бұзу;
  • қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамау;
  • уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамау;
  • төлем қабілеті төмен банктер қатарына енгізілуі.

Ақпаратқа қарағанда, банк активтері 38,5 млрд теңгені құрайды. Қарыз портфелі – 33,9 млрд теңге. Оның 90 пайызға жуығы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттерден тұрады. Банктің ликвидті активі – 149 млн теңге. Атқарылмаған клиент төлемдері 15 млрд теңгеден асады.

Банк салымшылары депозитінің 99 пайызын "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ толық өтейді.

Қазір банкте уақытша әкімшілік тағайындалып, басқару соның қолына өткен.

Былтыр қыркүйек айында Tengri Bank те осыған ұқсас себептермен лицензиясынан айырылған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG