Accessibility links

Алматы әкімі Сағынтаев ҚазҰУ мен "Қазақфильм" жерінің айналасындағы шуға пікір білдірді


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен "Қазақфильмдағы" жер теліміне қатысты дауға пікір білдірді. Ол ҚазҰУ маңайында "жалға алынған жерге" құрылыс "салынбайтынын" мәлімдеді.

- Жатақханалардың арасындағы жер жалға берілген. Бұл жерде ешқандай құрылыс салынбайды. Барлық адам қолдана алады, яғни, студенттер мен мұғалімдердің жүруіне кедергі жоқ. Бизнес орталығына кіріп, бірінші қабаттағы барлық қызметті пайдалана алады: шай, кофе [ішуіне болады]. Жатақхана мен бизнес орталықтың арасына ештеңе салынбайды. Ал инвестор объектісін өз теліміне салады, - деді Сағынтаев.

Азаттық Алматы әкімінен "инвестор жалға алған жерге көлік тұрағын салса, кейін жалға алу уақыты аяқталған соң жерді қайтара ма?" деп сұрады.

- Менің білуімше, паркинг жер астына салынады. (Азаттық тілшісі осы тұста "Жерді қайтара ма?" деп нақты сұрады) 2025 жылға дейін көреміз. Бұл – мемлекеттің жері. Әкімдік қалай шешеді, солай болады, - деді Сағынтаев.

Сағынтаев "Қазақфильм" киностудиясы маңындағы жер жеке инвесторға беріледі деген ақпаратқа қатысты да пікір білдіріп, "жер ешкімге берілмейді" деп мәлімдеді.

- Бұл жер "Қазақфильм" аумағында болған. Қазір "Қазақфильммен" осы аумақты дамыту үшін бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Жаңа басшы Ақан Сатаев бастаған "Қазақфильм" ғана емес біз де аумақты дамытамыз. Мысалы, кино түсіріп жатса, жұрт келіп көріп, актерлермен сөйлесе алады. Бұл да қызық ғой. Жер қазір жаман жағдайда дей алмаймыз, қоршалған, "Қазақфильмнің" ішінде, бөтен адамдар кірмес үшін қорғалған. Бұл жерге ешкімге берілмейді деп мәлімдеймін. Күдік болмасын, - деді Сағынтаев Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бергенде.

ҚазҰУ жерін жеке компанияға беру туралы ақпарат қыста шу туғызған. Азаттық экс-президент Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы Atlas Development компаниясы ҚазҰУ аумағындағы жерді алғанын хабарлаған. Сатып алынған бұл жерге компания бизнес-орталық сала бастаған. Бұған қоса, осы компания аумақтан уақытша қолдануға екі жер телімін алғаны да айтылған.

"Күйеу бала" Құлыбаевтың иелігіне ұлттық университет жері қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

Сағынтаев 25 маусымда "университет 2017 жылы бұл жерді мемлекетке қайтарды" және "инвестордың сұрауымен бұл жер инвесторға ұсынылды" деді. Басында жерді қолдану мақсаты "аумақты абаттандырып, көгалдандыру" деп көрсетілген еді. Кейін "паркинг салу" деп өзгертілді. Жалға алу мерзімі 2025 жылдың ақпанында аяқталуы тиіс.

Жер қатынастары бойынша заңгер Бақытжан Базарбек Азаттыққа ҚазҰУ жерін жалға беру кезінде "заң бұзушылық болғанын" айтқан. Заңгердің сөзінше, білім министрлігінен, мемлекеттік органдардан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мәселелері бойынша органдардан рұқсат алынбаған.

Заңгер "Қазақфильм" киностудиясының аумағындағы 5,5 гектар жердің де жекенің қолына өтіп кетуі мүмкін деп дабыл қаққан еді. Сөзінше, 2016 жылы "Қазақфильм" жері екіге бөлініп, бірі "Қазақфильмге", екіншісі "Этнолендке" берілген. Жерді жалға алу 2020 жылы желтоқсанда аяқталған. Заңгер аумақты қолдану мерзімі ұзармаса, мемлекеттік қорға өтеді де, "Қазақфильмнің" емес "бос жер" деп қарастырылатынын айтады. Ал әкімдік "бос жерді" жекеге бере алады.

Заңгер Бақытжан Базарбек: Соттар әкімнің қаулысын заңсыз деп тануға қауқарсыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG