Accessibility links

Оралда аштық жариялаған белсенділер наразылық акциясын өткізді


Солдан оңғы қарай: Дастан Бәженов, Мәруа Ескендірова және Амангелді Оразбаев аштық жариялап отыр. Азаматтық белсенді Орынбай Оқасовтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған сурет.
Солдан оңғы қарай: Дастан Бәженов, Мәруа Ескендірова және Амангелді Оразбаев аштық жариялап отыр. Азаматтық белсенді Орынбай Оқасовтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған сурет.

26 маусым күні Орал қаласында бірнеше адам бейбіт наразылық акциясын өткізді. Олардың арасында бұған дейін билікте ел азаматтарын саяси себеп бойынша қудалауды тоқтатуды және әлеуметтік реформалар жасауды талап етіп аштық жариялаған оралдық үш белсенді де болды.

Сенбі күні түскен қарай Оралдағы Мәншүк Мәметова алаңына жиналған оншақты адам "Бостандық", "Шал, кет!", "Репрессиялар тоқтасын!", "Меңдіғазиевтерден қолыңды тарт!", "Freedom" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Олар биліктен Қазақстан азаматтарын азаматтық ұстанымына бола қудалауды доғаруын талап етті.

– Бағаның өсуін тоқтатып, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруді талап етеміз. Еуропарламенттің қарары орындалғанын қалаймыз, – деді акцияға қатысшулардың бірі Мәруа Ескендірова.

Шараға қатысушылар "Шал, кет!", "Назарбаев кетсін!", "Оян, Қазақстан!", "Бостандық!", "Белсенділер – патриоттар!" деп айғайлады.

Үш күн бұрын аштық жариялаған Мәруа Ескендірова наразылық акциясына қазір Қазақстанда бар проблемаларға жұрттың назарын аудару үшін шыққанын айтты. Орал қаласында осымен қатарынан үшінші сенбіде наразылық акциясы өтті. Оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар алған бетінен қайтпайтынын айтады.

– Біз қазір аштық жариялап отырмыз (Оралдың үш тұрғынының наразылық акциясы қаладағы ықшамаудандардың біріндегі гаражда өтіп жатыр – ред.). Күн өте ыстық, душ және сумен жанымыз қалып отыр, – деді Ескендірова.

Оның сөзінше, сенбі күні өткен наразылық шарасы кезінде және одан кейін ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ешкім тиіспеген.

24 маусымда Орал қаласында тұратын үш белсенді – Мәруа Ескендірова, Дастан Бәженов және Амангелді Оразбаев өздеріне дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда аштық жариялағандарға қосылды. Олар биліктен елдегі саяси тұтқындардың бәрін босатуды және Қазақстан азаматтарын саяси көзқарас-пікіріне бола қудалауды доғаруын талап етіп отыр.

Белсенділер "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп, аштық жариялады

Орал мен Шымкент белсенділері де "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп, аштық жариялады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:33 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG