Accessibility links

Даниал Ахметовтің орынбасары Семей қаласының әкімі болып тағайындалды


Бақытжан Байахметов. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтынан алынды.
Бақытжан Байахметов. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтынан алынды.

Семей қаласының әкімі ауысты. Бұл туралы дүйсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.

"Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов депутаттармен келісе отырып, Семей қаласының әкімін тағайындады. 2019 жылдың сәуір айынан бері ШҚО әкімінің орынбасары болған Бақытжан Байахметов қала әкім болып тағайындалды" делінген әкімдік хабарламасында.

Жыл басында қала әкімі болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов бұған дейін денсаулығына байланысты қызметінен кеткен еді.

Бақытжан Байахметов 1970 жылы 29 тамызда Аягөз қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Орталық Азия университетін бітірген.

Ол 2019 жылдың сәуір айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін 2010-2019 жылдар аралығында Аягөз қаласын, Ұлан және Аягөз ауданы әкімдігі басқарған. Оның алдында Өскемен қаласында құрылыс бөліміне жетекшілік еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG