Accessibility links

Чехия Ресейден жарылыстар үшін 25 млн еуро өтемақы талап етті


Бұл сурет 2014 жылдың 20 қазанында Врбетицеде жарылыстан кейін түсірілген (архив).
Бұл сурет 2014 жылдың 20 қазанында Врбетицеде жарылыстан кейін түсірілген (архив).

Чехия үкіметі Ресейден 2014 жылы әскери қоймада болған жарылыс үшін өтемақы талап етті. Врбетице қаласында болған жарылыс кезінде екі чех азаматы қайтыс болған.

Сұрап отырған өтемақы көлемі - 25 миллион еуро.

Чехияның сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Смолек дүйсенбі күні Прагадағы Ресей елшісі Александр Змеевскийге өтемақыны толық төлеуді талап еткен дипломатиялық нота жолдады.

Бұл жөнінде дүйсенбі күні "Млада фронта днес" газеті хабарлады.

Өтемақының жарты сомасы жарылыс болған аймақтың бюджетіне, екінші жартысы қайтыс болған азаматтардың отбасына беріледі делінген.

2014 жылы болған жарылысқа тікелей Ресей арнайы қызметінің қатысы бар екенін Чехия билігі биыл сәуір айында мәлімдеген.

Оған кінәлі ретінде Ресейдің екі азаматына іздеу жарияланды. Олар — Александр Петров пен Руслан Боширов.

Аталған екі азаматқа Ұлыбританияда да іздеу жарияланған. 2018 жылдың наурыз айында Петров пен Боширов Англияда Ресейдің бұрынғы барлау қызметінің өкілі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға қастандық жасаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG