Accessibility links

Жаңаөзен абақтысында азаптаудан мерт болған Кенжебаевтың ұлының өлімі: Белсенділер мен полиция ақпараты

Ақтау қаласы. Көрнекі сурет.
Ақтау қаласы. Көрнекі сурет.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде абақтыда алған соққы мен азаптаудан мерт болған Базарбай Кенжебаевтың ұлы Ғалымжан Кенжебаев 27 маусымда Жаңаөзенде қайтыс болған. Оның өліміне қатысты белсенділер мен полиция қарама-қайшы ақпарат таратты.

Ғалымжан Кенжебаевтың өлімі туралы ақпаратты БАҚ өкілдеріне бірінші болып саяси белсенді Жанболат Мамай хабарлады. Ол 1 шілде күні Facebook парақшасында "Кенжебаевтың жұмбақ өліміне" қатысты жазба жариялап, оның полиция бөлімшесіне сұрақ-жауап алуға алып кеткеннен кейін мерт болғанын жазды. Артынша Маңғыстау облысының полициясы "Кенжебаевты полиция учаскесінде азаптап өлтірді" деген ақпаратты терістеді.

Жанболат Мамайдың жазбасындағы ақпаратқа қарағанда, 33 жастағы Ғалымжан Кенжебаевты белгісіз біреулер өткен аптада Жаңаөзенде аяусыз ұрып-соққан. Соның нәтижесінде Ғалымжан ауруханаға түсіп, басына операция жасалған. Бірақ жексенбі күні полицейлер "операциядан кейін толық айыға қоймаған Ғалымжанды сұрақ-жауап аламыз деп ауруханадан учаскеге алып кеткен". Біраз уақыттан соң оның мерт болғаны хабарланған.

"Операциядан кейін толық айыға қоймаған адамды не үшін полицияға алып кеткен? Ауруханадан әлі шықпаған пациентті дәрігерлер қалайша полицейлердің қолына тапсырған? Ғалымжан Кенжебаев полиция учаскесіне әкелінгеннен кейін біраз уақыттан соң қайтыс болған. Полиция тек сол кезде ғана жаңаөзендік белсендіге хабарласып, Базарбай Кенжебаевтың ұлы көшеде қайтыс болды деп айтқан (Олар Ғалымжанның ауруханаға түсіп, операция жасалғанын айтпаған – Ж.М)" делінген Мамай жазбасында.

Жанболат Мамай "өлім алдында аяусыз соққы алған Ғалымжанның денесінің суреттері бар екенін", бірақ адам шошырлық жағдай болғандықтан әлеуметтік желіге жарияламағанын жазады. Мамай "Ғалымжанды алып кеткен полиция қызметкерлері мен операциядан кейін пациентті алып кетуге рұқсат берген дәрігерлер үстінен қылмыстық іс қозғалуы тиіс" деп жазған. Бұл "Жаңаөзендегі азаптау куәгерлерінің көзін жоюдың амалы емес пе" деп сұрақ та қойған.

1 шілдеде түнде Маңғыстау облысының полициясы Ғалымжан Кенжебаевтың өліміне қатысты түсініктеме беріп, "оны полиция учаскесінде азаптады" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, Ғалымжан Кенжебаев өткен аптада Жаңаөзенде "Самал" ықшамауданында біреулермен ішіп төбелесіп, жарақат алған. 27 маусымда Жаңаөзен ауруханасына барған кезде дәрігерлер оның басы, беті мен омыртқасы жарақаттанғанын анықтап, амбулаторлық жағдайда емделуге кеңес берген.

Медициналық қызметкерлер осы жағдай жөнінде полицияға хабарлаған.

"Бұдан соң төбелеске қатысушы екі жақтан түсініктеме алу үшін полиция басқармасына шақырылды. Денсаулыққа зақым келтіру фактісі бойынша Әкімшілік кодекстің 73-1 бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сұрақ-жауап алынғаннан кейін ер адамдар жеке-жеке үйлеріне жіберіліп, полиция басқармасының ғимаратынан шыққан. Сол күні кешкі сағат 21:30 шамасында "3 a" ықшамауданының тұрғынынан 102 қызметіне қоңырау түсіп, үйлердің бірінде ер адамның денесі табылғанын хабарлады" делінген полиция хабарламасында.

Полиция Ғалымжан Кенжебаев көз жұмған орыннан "ішімдік бөтелкелері де табылғанын" айтып отыр. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сарапшының алдын ала қорытындысы бойынша, Ғалымжан Кенжебаев жүрек ауруынан қайтыс болуы мүмкін.

Ғалымжан Базарбаев 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы кезінде абақтыдағы соққыдан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың ұлы. 9 жыл бұрын Базарбай Кенжебаевтың өліміне қатысты Жаңаөзен қаласының тергеу абақтысы бастығының міндетін атқарған Жеңісбек Теміров сотталған. Бірақ құқық қорғаушылар Теміровке азаптау емес, қызмет өкілетін асыра пайдалану бабымен айып тағылғанын сынаған. Жазасының белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін Жеңісбек Теміров 2014 жылы түрмеден босатылған. Базарбай Кенжебаевтың өлімінен кейін бірнеше жылдан соң оның қызы Әсем Кенжебаева да ауыр науқастан қайтыс болған. Әсем полицияны "әкемді де, өзімді де азаптады" деп айыптаған болатын. Белсенділер Жаңаөзен оқиғасының шындығы әлі ашылмады деп санайды.

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының бейнесі

Байбек Құбайдуллаев 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында мерт болды.
1/13 Байбек Құбайдуллаев 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында мерт болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жанар Әбдікәрімова 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болды.
2/13 Жанар Әбдікәрімова 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Атаберген Дүйсекенов 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
3/13 Атаберген Дүйсекенов 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жаңаберген Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қазаға ұшырады.
4/13 Жаңаберген Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қазаға ұшырады.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Рахат Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
5/13 Рахат Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Оразай Мәмбетназаров 16 желтоқсанда ауыр жараланып, 25 желтоқсанда Жаңаөзен ауруханасында бақилық болды.
6/13 Оразай Мәмбетназаров 16 желтоқсанда ауыр жараланып, 25 желтоқсанда Жаңаөзен ауруханасында бақилық болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Нұрлан Мұналбаев 16 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиіп қаза болды.
7/13 Нұрлан Мұналбаев 16 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиіп қаза болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Төребек Төлегенов 17 желтоқсан күні Шетпедегі наразылық кезінде полиция оғынан қаза тапты.
8/13 Төребек Төлегенов 17 желтоқсан күні Шетпедегі наразылық кезінде полиция оғынан қаза тапты.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Аманбек Тұрғанбаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза болған.
9/13 Аманбек Тұрғанбаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза болған.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Радик Юсупов 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда полиция оғынан мерт болған.
10/13 Радик Юсупов 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда полиция оғынан мерт болған.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Базарбай Кенжебаев полиция бөліміндегі азаптаудан соң ауруханада қайтыс болды.
11/13 Базарбай Кенжебаев полиция бөліміндегі азаптаудан соң ауруханада қайтыс болды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қанға бөккен жейдесі.
12/13 Азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қанға бөккен жейдесі.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жаңаөзендегі жергілікті газеттің 2012 жылғы 21 қаңтар күні шыққан санында полицияның қару қолданғанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарландыру мен жапа шеккен азаматтардың суреттері жарияланды.
13/13 Жаңаөзендегі жергілікті газеттің 2012 жылғы 21 қаңтар күні шыққан санында полицияның қару қолданғанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарландыру мен жапа шеккен азаматтардың суреттері жарияланды.
2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG