Accessibility links

Алматыда әйел мен екі немересі қазылған шұңқырға түсіп қайтыс болды


Алматы тұрғыны екі немересімен көшеде әжетхана үшін қазылған шұңқырға түсіп кетіп, қайтыс болды. Балалардың әкесі ауруханаға түскен. Оқиға Наурызбай ауданындағы Абай ауылында болған.

Құтқарушылардың мәліметінше, шұңқырға алдымен 2020 жылы туған кішкентай қыз түсіп кеткен. 2009 жылы туған ағасы мен әжесі оны құтқарамын деп, өздері құлап кеткен. 1980 жылы туған әкесі шұңқырға түсіп, оларды шығарған. Бірақ өзі есін жоғалтқан.

Тек әкесі ғана тірі қалған, құтқарушылар жәдел жәрдем келгенше, оған көмектескен.

Полиция мәліметінше, есік алдында ойнап жүрген бір жастағы қыз көшедегі қазылған шұңқырға құлап кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG