Accessibility links

Блинкен тәжік және өзбек шенеуніктерімен Ауғанстан мәселесін талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

1 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өзбек және тәжік дипломаттарымен Ауғанстан мәселесін талқылады. АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан шақта және Вашингтон Орталық Азия елдерінен одақтас табуға ұмтылып жатқан тұста осындай кездесу өтіп отыр. Кейінгі апталарда Талибан ондаған ауданды басып алып, батыс қолдайтын ауған үкіметінің алаңдаушылығын туғызған.

Талибан Ауғанстанның солтүстігінде Өзбекстан мен Тәжікстанмен шектесетін бірнеше ауданды бақылауға алып, Орталық Азия елдерінің шекарасына жақындаған. Душанбе тәліптерден қашқан ауғандарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген. Ал Өзбекстан ауған-өзбек шекарасында әскери дайындықты пысықтап, қауіпсіздікті күшейткен.

"Аймақ қауіпсіздігі әсіресе, Ауғанстан мәселесіне келгенде біздің мүддеміз ортақ" деді Блинкен Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесуден кейін өткен брифинг кезінде.

АҚШ мемлекеттік департаментінің таратқан хабарламасына сәйкес, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесу кезінде Блинкен Ауғанстан мәселесін талқылап, АҚШ Тәжікстанның "қауіпсіздігі, тұрақтылығы және территориялық тұтастығын қолдайды" деп мәлімдеген.

Американың The New York Times және The Wall Street Journal басылымдары және өзге БАҚ-тың жазуынша, АҚШ билігі Талибан мен "Әл-Қаида" экстремистік топтарының әрекетін бақылау үшін Ауғанстанға жақын Өзбекстан мен Тәжікстанда әскерінің біраз бөлігін орналастыруға күш салып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG