Accessibility links

Коронавирус жұқтырғандарға 2600-ден астам науқас қосылды, 27 адам қайтыс болды


Коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға әкелген медицина қызметкерлері.
Коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға әкелген медицина қызметкерлері.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2590 адамның анализінен коронавирус анықталды. Ең көп науқас Нұр-Сұлтанда тіркелген. Мұнда бір күнде 764 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Қарағандыда – 468, Алматыда – 353, Батыс Қазақстан облысында – 143, Шымкентте – 103, Атырау облысында – 103, Маңғыстау облысында 107 науқас тіркелген. Ең аз науқас Солтүстік Қазақстанда (27) тіркелген.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Маңғыстау облыстары, Шымкент пен Алматы қалалары "қызыл аймақта" тұр. Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстары "сары аймақта" тұр. Қалған облыстар "жасыл аймақта".

Қазақстанда "үндістандық штамның" таралып жатқаны жайлы ақпарат шыққалы бері коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр. Жұма күні денсаулық сақтау министрлігі "үнді штамын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді, 48,3 пайызында үнді штамы Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында анықталды" деп мәлімдеді.

30 маусымда 76 адамнан пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі (коронавирус пневмониясы) анықталған. Бір күнде 27 адам коронавирустан қайтыс болған: 24 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 428 163 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 4 399 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бері 57 189 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 3 452-сі қайтыс болған.

Қазір 27 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Басым бөлігінің ПТР тесті оң шыққан.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бірінші дозасын алғандар 3 млн 502 мың адамға жетті. 2 млн адамға вакцинаның екі дозасы салынған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы бері әлемде 182 млн 589 мың адам коронавирус ауруына шалдыққан. 3 млн 954 мың адам қайтыс болған. Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен Қазақстан әлемде 45-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG