Accessibility links

Батыс Қазақстанда халық өз бетінше жол жөндей бастаған соң мәселеге билік араласты


Володарка ауылы маңына әкелінген арнайы техника мен жұмысшылар. 2 шілде 2021 жыл.
Володарка ауылы маңына әкелінген арнайы техника мен жұмысшылар. 2 шілде 2021 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Володарка ауылының тұрғындары өз бетінше кірме жолды жөндей бастағаннан кейін билік трассаны жөндеу мүмкіндігін қарастырған.

2 шілдеде таңертең бірнеше күн бұрын тұрғындар жөндей бастаған жол аумағына арнайы техника әкелініп, жол жөндейтін жұмысшылар келген. Бұл туралы Азаттық тілшісіне ауыл тұрғыны Вера Иванова хабарлады. Ауылда жол жөндеу акциясын осы белсенді бастаған еді.

— Қолданылған асфальт әкелді, тесік-шұңқырларды бітеп жатыр, – деді Иванова өзі түсірген видеода.

Вера Иванованың айтуынша, жуырда ауыл әкімі тұрғындарды өз бетінше жолды жөндемеуге шақырып, қалай да көмектесетінін айтқан. 2 шілдеде тұрғындар кірме жолдан жұмысшылар мен арнайы техниканы көрген.

Аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығының бөлімі өкілдерінің айтуынша, "жолдарды сақтау" шаралары аясында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

— Бұрын ол жерде мұндай шұңқырлар болмаған еді, тұрғындардың өздері шұқылап, кейбірі 50 см-ге дейін тереңдеп кетті. Бұған дейін жол жағдайы сәл тәуірлеу болатын. Бізге тұрғындардан шағымдар түсе бастады. Олар қазір жолмен жүру мүлде мүмкін емес деп айтты. Сосын "жолдарды сақтау" шарасы аясында сол аумақты жөндеу туралы шешім қабылдадым, – деді аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің бастығы Данияр Шубаев.

Көктемде билік 30 жыл бұрын төселген жолды жөндеуге қаржы жоқ деп мәлімдегеннен кейін Володарка ауылының тұрғындары өз күшімен мәселені шешуге тырысқан. Тұрғындар ақша жинап, жолды жөндеуге кірісе берген кезде билік жұмысты тоқтатуды талап еткен.

Қарай отырыңыз: Володарка ауылы тұрғындарының өз күшімен жол жөндеуі (Видео орыс тілінде).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG