Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, тағы 25 адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда кейінгі бір тәулікте 2765 адамның ПТР-тест қорытындысы оларға коронавирус жұққанын анықтаған. 19 адам көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігі тағы 87 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 6 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан (797) мен Алматыда (385), сонымен бірге Қарағанды облысында (463) тіркелген. Эпидемологиялық ахуалға байланысты Қазақстан қазір "қызыл аймақта" тұр.

Індет басталғалы бері 430 928 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 25 мыңға жуығы емделіп жатыр. 4418-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 57 276 адамға жетті. 3458-і көз жұмды.

Кейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 млн 612 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 2 млн 134 мың адам екі дозасын алған. Халыққа ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасын егіп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 183 млн-нан астам адамға коронавирус жұққан, 4 млн-ға жуық адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG