Accessibility links

Өзбекстанда Twitter, TikTok және "ВКонтакте" жұмысына шектеу қойылды


Өзбекстанның информатизация және телекоммуникация саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді. Инспекция сайтында жариялаған ақпаратта бұл платформалар жеке мәліметтерді өңдеу кезінде заң ережесін бұзған деп түсіндірген.

"Тиісті әлеуметтік желілер 2021 жылғы 2 шілдеден бастап "Жеке дерек субъектілерінің құқығын бұзушылар тізіміне" енгізілді және олқылықты жойғанға дейін осы ресурстардың Өзбекстан аумағында интернет желісінде қолданылуына белгіленген тәртіпке сай шектеу қойылды" деп жазылған бақылаушы мекеме таратқан ақпаратта.

Бірақ онда нақты қай әлеуметтік желінің жұмысына шектеу қойылғаны көрсетілмеген. Gazeta.uz сайтында қолданушылар Twitter, TikTok және "ВКонтакте" ашылмай, медиафайлдар өте баяу жүктеліп немесе мүлде жүктелмей қалды, Skype мессенджері де істемей тұр деп хабарлады.

Басылымның жазуынша, мамыр айында бақылаушы орган "ВКонтакте", Twitter әлеуметтік желісі мен WeChat мессенджері иелеріне Өзбекстанның жеке мәліметтер туралы заңының 27-1-бабын орындауды, яғни ел азаматтарының жеке деректері өңделетін серверлерді Өзбекстан аумағында орналастыру қажетін ескерткен. Ал жақында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Tik Tok әлеуметтік желісін қолданушыларды Әмір (Ақсақ) Темір мен ақын Әлішер Науаидың тарихи ескерткіштерін қорлады деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG