Accessibility links

"Шығыс серіктестігі" аясында экономика мен реформаны қолдауға миллиардтаған еуро бөлмек


Еуроодақты кеңейту және көрші саясаты жөніндегі комиссар Оливер Вархеи.
Еуроодақты кеңейту және көрші саясаты жөніндегі комиссар Оливер Вархеи.

Еуропа комиссиясы "Шығыс серіктестігі" елдеріне арналған көлемі 2,3 миллиард еуроны (2,72 миллиард доллар) құрайтын экономикалық және инвестициялық жоспар ұсынды. Бұл жоспар 17 миллиард еуроға (20,1 миллиард доллар) дейінгі мөлшерде мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуды көздейді.

Комиссия 2-шілдеде жарияланған мәлімдемесінде бұл жоспар "қалпына келтіруді, тұрақтылық пен реформаны мақсат еткен" күн тәртібінің бір бөлігі болып табылатынын атап өткен. Онда 2025 жылға дейін орындалуы тиіс 10 мақсатты: "сауда, экономикалық өсу және жұмыс орындарын арттыру, өзара байланыстардың өрістеуіне инвестиция салу, демократиялық институттар мен заң үстемдігін нығайту, "жасыл" және цифрлық жүйелерге көшу ісіне қолдау көрсету әрі әділ, гендерлік теңдік салтанат құрған және инклюзивті қоғамның орнығуына дем беруді" көздейді.

Ұсынылып отырған ұзақ мерзімді саяси міндеттер өткізілуі 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған "Шығыс серіктестігінің" саммитінде талқылануы тиіс. "Шығыс серіктестігі" бастамасы 2009 жылы Еуропа одағы, оған мүше мемлекеттер және блоктың "Шығыс көршілері" деп аталатын алты ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды нығайту және тереңдету мақсатында қабылданған болатын. Бұл "көрші" алты ел – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина. Көрші саясаты және (одақты) кеңейту мәселелері жөніндегі еурокомиссар Оливер Вархеидің айтуынша, ұсынылған жоспар коронавирус пандемиясынан кейінгі уақытта жұмыс орындарын ашу және экономика өсімін ынталандыру арқылы әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалпына келуіне көмектесетін болады. Еурокомиссар осы іс-шараның "болашақ демократиялық Беларусьті қолдау" мұратын қамтитынын да айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG