Accessibility links

Әзербайжан тұтқынға түскен армян сарбаздарын мина картасына алмастырды

Ағдам аймағында жүрген Әзербайжан саперлері.

Әзербайжан тұтқынға түскен 15 армян сарбазын мина алаңдарының картасына алмастырды. Бұл туралы 3 шілде күні екі елдің сыртқы істер министрліктері хабарлады.

Былтыр күзде Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабақ пен оның айналасындағы аумақ үшін алты апталық соғыс болып, оның соңы Ресейдің араағайындығымен аяқталды. Бітім келісімі бойынша, Баку Таулы Қарабақтың едәуір бөлігі мен соның айналасындағы жеті ауданды қайтарып алды, даулы аймаққа Ресейдің бітімгер әскері кіргізілді.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде тұтқынды картаға алмастыру келісіміне Ресейдің ұйытқы болғаны жазылған. Келісім бойынша, Армения Баку қарамағына өткен Физули және Зангелан аймақтарындағы 92 мың минаның орналасқан жері белгіленген картаны беруі тиіс. Бұл миналар танкі мен жаяу әскерге қарсы қойылған.

"Адамдық амалы ретінде Әзербайжан Арменияға ұлты армян 15 адамды экстрадициялады" делінген мәлімдемеде.

Сарбаздар еліне қайтарылған соң, Армения олардың аты-жөнін атап, олардың бәрі елдің солтүстігіндегі Ширак облысының тумасы екенін айтты.

"Қайырым ниеті ретінде Армения тарабы Әзербайжанға Физули және Зангелан аймақтарындағы мина алаңдарының картасын берді" деді Армения үкіметі.

Таулы Қарабақ пен оның айналасындағы аудандар пост-советтік кеңістіктегі ең қатты миналанған аумақ саналады.

Қарашадағы бітім келісімінен бері миналардың жарылуынан Әзербайжанның жеті сарбазы мен 18 бейбіт тұрғыны қазаға ұшырады, жүзден астам адам жарақат алды.

Әзербайжан үкіметі мина алаңдарының картасы көптеген адамды ажалдан сақтап, құрылыс жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Баку осылайша 1990-жылдары үйін тастап көшуге мәжбүр болған әзербайжандарды туған жеріне қайтармақ.

Маусым айында Әзербайжан мен Армения осыған ұқсас келісім жүзеге асқан. Онда Баку 15 армян тұтқынын Ағдам аймағындағы мина алаңдарының картасына алмастырған.

Әзербайжан қолындағы армян тұтқындарының жалпы саны белгісіз.

Бітім келісімінен соң желтоқсанда Әзербайжан 44 армян тұтқынын, Армения 12 әзербайжан тұтқынын қайтарған.

Бірақ бітімнен кейінгі кішігірім дау кезінде Әзербайжан Арменияның 60 шақты сарбазын тұтқынға алған. Мәселені қиындатқаны, Әзербайжан қамауға алынғандарды соғыс тұтқыны деп санамай отыр. Женева конвенциясы аясында соғыс тұтқындарына ерекше мәртебе берілген.

Өртке оранған үйлер: Армяндар Әзербайжанға тиесілі аймақтан қалай көшіп жатыр?

Тұрғындар Кельбаджар ауданы Чаректар (әзербайжанша Чарактар) ауылындағы үйлердің бықсып жанып жатқанына қарап отыр. Таулы Қарабақтың батысындағы Әзербайжан ауданы Ресейдің араағайындығымен жасалған келісімге сәйкес Баку бақылауына өтпек.
1/18 Тұрғындар Кельбаджар ауданы Чаректар (әзербайжанша Чарактар) ауылындағы үйлердің бықсып жанып жатқанына қарап отыр. Таулы Қарабақтың батысындағы Әзербайжан ауданы Ресейдің араағайындығымен жасалған келісімге сәйкес Баку бақылауына өтпек.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Армян шіркеуінің қызметшісі Кельбаджар ауданындағы Дадиванк монастрінің діни жалауын алып бара жатыр.
2/18 Армян шіркеуінің қызметшісі Кельбаджар ауданындағы Дадиванк монастрінің діни жалауын алып бара жатыр.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Өртенген үйлердің түтіні әуеге тарап жатыр. Төменде Кельбаджар ауданынан көшіп жатқан армяндардың көліктері кептелісте тұрғаны көрінеді. Әлемдік қауымдастық бұл аудан Әзербайжанға тиесілі деп санайды. Этникалық армяндар аудандағы ежелгі христиан ескерткіштеріне сілтеп, бұл жермен тарихи байланысы барын айтады.
3/18 Өртенген үйлердің түтіні әуеге тарап жатыр. Төменде Кельбаджар ауданынан көшіп жатқан армяндардың көліктері кептелісте тұрғаны көрінеді. Әлемдік қауымдастық бұл аудан Әзербайжанға тиесілі деп санайды. Этникалық армяндар аудандағы ежелгі христиан ескерткіштеріне сілтеп, бұл жермен тарихи байланысы барын айтады.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Кельбаджар ауданы Дадиванк монастырінің жанындағы өртеніп кеткен жанармай бекеті. 1990 жылдардың басында Ереван қолдау танытқан армян сепаратистері Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандарды басып алғанда, осы аймақтан жүздеген мың әзербайжан үй-жайын тастап көшуге мәжбүр болған.
4/18 Кельбаджар ауданы Дадиванк монастырінің жанындағы өртеніп кеткен жанармай бекеті. 1990 жылдардың басында Ереван қолдау танытқан армян сепаратистері Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандарды басып алғанда, осы аймақтан жүздеген мың әзербайжан үй-жайын тастап көшуге мәжбүр болған.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Кнараван ауылында армян сарбаздары бағаналарды құлатып жатыр. Әзербайжан-армян шекарасына жақын жатқан Кельбаджар ауданындағы бұл бағаналарды этникалық армяндар жақында ғана тұрғызған еді.
5/18 Кнараван ауылында армян сарбаздары бағаналарды құлатып жатыр. Әзербайжан-армян шекарасына жақын жатқан Кельбаджар ауданындағы бұл бағаналарды этникалық армяндар жақында ғана тұрғызған еді.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Чаректар (Чарактар) ауылында этникалық армян екі қазды әкетіп барады.
6/18 Чаректар (Чарактар) ауылында этникалық армян екі қазды әкетіп барады.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Кельбаджар ауданындағы ауылдың өртеніп жатқан жұрты.
7/18 Кельбаджар ауданындағы ауылдың өртеніп жатқан жұрты.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртке оранған құрылыс нысаны.
8/18 Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртке оранған құрылыс нысаны.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Дадиванк монастырінен шешіп алынған қоңыраулар. Арменияға көшіп жатқан тұрғындар бұл қоңырауларды өзімен бірге әкетпек.
9/18 Дадиванк монастырінен шешіп алынған қоңыраулар. Арменияға көшіп жатқан тұрғындар бұл қоңырауларды өзімен бірге әкетпек.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Әзербайжанның Кельбаджар ауданындағы өртенген үйлердің түтіні. Этникалық армяндар Әзербайжанға қайтарылатын бұл ауданнан көшіп жатыр.
10/18 Әзербайжанның Кельбаджар ауданындағы өртенген үйлердің түтіні. Этникалық армяндар Әзербайжанға қайтарылатын бұл ауданнан көшіп жатыр.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Кельбаджар ауданы Ехегнут ауылындағы бағанадан сымды шешіп жатқан ер кісі.
11/18 Кельбаджар ауданы Ехегнут ауылындағы бағанадан сымды шешіп жатқан ер кісі.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам.
12/18 Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Этникалық армяндар бұзып әкеткен электр станциясының орыны.
13/18 Этникалық армяндар бұзып әкеткен электр станциясының орыны.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Этникалық армян Гаро Дадевусян (оң жақта) Кельбаджар ауданындағы үйін өртемес бұрын оның металл шиферін шешіп жатыр.
14/18 Этникалық армян Гаро Дадевусян (оң жақта) Кельбаджар ауданындағы үйін өртемес бұрын оның металл шиферін шешіп жатыр.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Көшіп бара жатқан әйел Иса пайғамбар мен алғашқы мәсіхшілер бейнеленген діни мазмұндағы суретті қоса әкетіп барады.
15/18 Көшіп бара жатқан әйел Иса пайғамбар мен алғашқы мәсіхшілер бейнеленген діни мазмұндағы суретті қоса әкетіп барады.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Өртенген үйлердің жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігі. Жақында ғана тұрғызылған Кнаваран ауылы енді Әзербайжанның бақылауына өтпек.
16/18 Өртенген үйлердің жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігі. Жақында ғана тұрғызылған Кнаваран ауылы енді Әзербайжанның бақылауына өтпек.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртенген мектептің алдында отырған ит.
17/18 Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртенген мектептің алдында отырған ит.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Армян отбасы Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйіне қарап тұр.
18/18 Армян отбасы Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйіне қарап тұр.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардан көшіп жатқан этникалық армяндардың көбі үй-жайын бұзып, шамасы келгенін алып кетуге тырысып жатыр. Олар 1990 жылдардың басында армяндар басып алған жерлер Әзербайжанға қайтарылар алдында өзінен қалған дүние-мүлікті жоюды ұйғарды.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG