Accessibility links

Ресейде антитеррор комитеті Нальчикке шабуыл жасады деп сотталған Хупсергеновті өлтірді


Нальчиктегі шабуыл. 2005 жыл.
Нальчиктегі шабуыл. 2005 жыл.

Ресей құрамындағы Қабардин-Балқар республикасының орталығы Нальчикте антитеррорлық комитет 2005 жылы қалаға шабуыл жасаған Хасанби Хупсергеновты өлтірді. Онымен бірге тағы төрт адам оққа ұшқан. Комитет олар контртеррористік операция кезінде өлтірілгенін, бес адам елде "террорлық қылмыс жасауға ниеттенін" айтады.

Нальчикке шабуыл оқиғасы бойынша сотталған Хупсергенов пен 19 сотталушы Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына арызданған. Олар түрмедегі азаптауға шағымданған. Хупсергеновтің сөзінше, арыз қарауға қабылданған соң күштік құрылымдар оған қысым жасап, шағымды қайтарып алуды талап еткен.

НАЛЬЧИКТЕГІ ШАБУЫЛ ҚАШАН БОЛЫП ЕДІ?

2005 жылы 13 қазанда қаруланған 250 адам қаладағы ондаған ғимаратқа шабуыл жасаған. Шабуылдан 35 полицей, 15 тұрғын қаза болған. 200-ден аса адам жараланды. Ал шабуылдаған 95 адам қаза тапқан.

Осы шабуылға байланысты елуден аса адам сотталған. Олар 11 жылдан өмір бойына түрме жазасына кесілді. Хасанби Хупсергенов 14 жылға түрмеге қамалған. Айыпталушылар тергеу кезінде азаптау болғанын айтып, шағымданған. Олардың сөзі фото, видеолармен дәлелденген. Бірақ азаптау шағымдары нәтиже бермей келеді.

Екі айыпталушы Амур Хакулов пен Мурат Каширгов колонияда қайтыс болды. Құқық қорғаушылардың пайымдауынша, оларға уақытында дәрігерге қаратпаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG