Accessibility links

Алматыда митинг өтетін жерде интернет өшті, полиция аумақты қоршады


Полицейлер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы маңында наразылыққа келгендердің жолын бөгеп тұр. Алматы, 6 шілде 2021 жыл.
Полицейлер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы маңында наразылыққа келгендердің жолын бөгеп тұр. Алматы, 6 шілде 2021 жыл.

Алматыда митинг өтеді деген күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңы қоршалып, аумақта интернет өшіп қалды. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, әуелі Билайн, кейін Алтел және Теле2 байланысын қолданушылардың интернеті бұғатталған.

Жергілікті уақыт бойынша, күндізгі сағат 11 жарым шамасында аумақты полиция қызметкерлері бақылап тұрды. Спорт сарайының артында бірнеше автозактың тұрғаны байқалды. Азаттық тілшісі оның бірінде қара маска таққан арнайы жасақ өкілдерінің отырғанын көрді.

Бұған дейін тіркелмеген Қазақстанның Демократиялық партиясы өкілдері жақтастарын спорт сарайына келіп, Қытай экспансиясы, қымбатшылыққа қарсылық білдіруге шақырған.

Қуғында жүрген оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов та осыған дейін жақтастарын 6 шілде күні кешке наразылыққа шақырған. Нұр-Сұлтан соты Әблязов құрған қозғалыс – "Қазақстанның демократиялық таңдауын" "экстремистік ұйым" деп танығанмен Еуропарламент “бейбіт оппозициялық қозғалыс” деп атайды.

6 шілдеде елде астана күні және отставкаға кетсе де, саяси ықпалын сақтап қалған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні атап өтіледі. Оның туған күні қарсаңында елде Назарбаевқа арналған екі ескерткіш ашылып, мемлекеттік арналардан ол жайлы түрлі деректі фильмдер көрсетіліп жатыр.

6 шілде күні қарсаңында құқық қорғаушылар Қазақстанның түрлі аймағында белсенділердің қамалып, саяси қуғын күшейгенін айтқан.

Қарай отырыңыз: Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенділер қамалып жатыр (29 маусым 2021 жыл).

Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенділер қамалып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG