Accessibility links

Режиссер Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды


Режиссер Сатыбалды Нарымбетов.
Режиссер Сатыбалды Нарымбетов.

8 шілдеде таңертең режиссер, сценарист, жазушы Сатыбалды Нарымбетов қайтыс болды. Ол 75 жаста болған.

Бұған дейін әріптестері режиссердің ауыр сырқаттанып, ауруханада жатқанын хабарлаған болатын.

Сатыбалды Нарымбетов Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Кентау маңындағы Ащысай ауылында 1946 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Мәскеуде кинематография саласында білім алған.

Сатыбалды Нарымбетов – "Созақтан шыққан Гамлет", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Аманат" фильмдерінің авторы. Ол фильмдерінде Қазақстан тарихындағы советтік қуғын-сүргін мен сол заман адамдарының образын бейнелеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG