Accessibility links

Байден Путинге: АҚШ Ресейден жасалған кибершабуылға шара қолданады


АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путиннің суреттерінен коллаж.
АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путиннің суреттерінен коллаж.

АҚШ президенті Джо Байден 9 шілдеде Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Кремльді Ресей аумағынан әрекет етіп жүрген ақша бопсалаушы компьютер вирусы бағдарламасын жасаушы топтарға қарсы "шара қолдануға" үндеген. Бұл туралы Ақ үй таратқан ақпаратта Байден Путинге АҚШ-тың америкалықтар мен кибершабуыл қаупі төнген маңызды инфрақұрылымды қорғау үшін "кез-келген қажет шараны" қолданатынын жеткізгені айтылған.

Осы телефон әңгімесіне дейін Флоридада (АҚШ) орналасқан Kaseya технология компаниясына қашықтан жасалған компьютерлік вирус шабуылына ұшырап, АҚШ-тың жүздеген кәсіпорны мен әлем бойынша 1500 бизнес ұйымы залал шеккен еді.

Байден Путинмен әңгімесі барысында "Ресейде тұрып жатқан қылмыскерлердің АҚШ-қа және күллі әлем бойынша басқа да елдерге залалды әсер ететін" бопсалаушы кибершабуылы толастамай отырғанын айтты" деп мәлімдеді Ақ үй. Хабарламада Байденнің Путинге Ресейдің өз аумағында жұмыс істейтін ақша бопсалаушы компьютерлік вирус бағдарламаларын жасаумен айналысатын топтарға қарсы шара қолдануы қажетін айтып, АҚШ бопсалаушы бағдарламалар тудырып отырған кең ауқымды қатермен табанды түрде айналысатынын" мәлімдегені жазылған.

Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшы-мамандар бұл бұрын-соңды болмаған ең ірі вирус шабуылы екенін айтып отыр. Осы шабуылға жауапкершілікті Ресеймен байланысы бар REvil кибер-қылмыстық тобы мойнына алған. Бұл топ нысанаға алған бизнес иелерінен, олардың өз деректеріне қайтадан қол жеткізуі үшін, 70 миллион доллардың биткоинын бопсалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG