Сенбі, 10 шілде күні таңертең Тәжікстанның шығысында қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі салдарынан бес адам опат болған. Бұл туралы елдің төтенше жағдай жөніндегі министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметі бойынша, жиырмаға жуык үй құлап, үш елді мекенде электр желісі бүлінген.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмика орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Рашт қаласынан 27 километр қашықта, жердің 40 километр терең қабатында болған.
ПІКІРЛЕР