Accessibility links

Түркімен президенті ұлының қызметін тағы көтеріп, ықпалды шенеуніктерді кетірді


Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сайлау учаскесінде ақпарат құралдарына сұхбат беріп тұр. Ары жағында ұлы Сердар Бердімұхамедов тұр.
Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сайлау учаскесінде ақпарат құралдарына сұхбат беріп тұр. Ары жағында ұлы Сердар Бердімұхамедов тұр.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердарды экономика және халықаралық қаржы ұйымдары жөніндегі вице-премьер қызметіне тағайындады. Бұл жөнінде түркімен президенті 9 шілдеде өткен министрлер кабинетінің отырысы кезінде мәлімдеді.

39 жастағы Сердар Бердімұхамедов вице-премьер қызметіне тағайындала отырып, осыған дейін атқарған Жоғары бақылау палатасының төрағасы қызметінен алынып, Қауіпсіздік кеңесі құрамынан шығарылды.

Түркіменстан президенті ұлының саяси мансабы 2016 жылдың аяғында басталды. Сол жылы ол парламент мүшесі болып сайланған.

Түркіменстандағы ресми басылымдарда оны "халық ұлы" деп атайды. Ал оның әкесімен бірге көп алдына шығуын "буындар алмастығының символы" ретінде сипаттайды. Сердар Түркіменстан атынан көптеген халықаралық кездесулерге қатысқан. Түркіменстан президентінің жалғыз ұлының саяси мансабының тез өсуін тәуелсіз бақылаушылар 63 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов билікті тапсыратын мұрагерін дайындап жатыр деп түсіндіреді.

9 шілдеде болған үкімет отырысы кезінде президент еліндегі ең беделді адамдардың бірі Шамухаммед Дурдылыевті премьер-министрдің орынбасары қызметінен алып, "Ашғабад-сити" құрылыс жобасының жетекшісі етіп тағайындады. Сонымен бірге Орталық банктің төрағасы Мердан Аннадурдыев те қызметінен алынды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG