Accessibility links

"Талибан" шабуылын үдетті, үкімет Кабул әуежайына жаңа әуе қорғаныс жүйесін орнатты


Ауған үкімет күштері.
Ауған үкімет күштері.

"Талибан" Ауғанстан солтүстігіндегі провинция орталығына шабуыл жасады. Билік Кабул әуежайына содырлардың зымыран шабуылынан қорғайтын жаңа жүйе орнатқанын хабарлады.

Халықаралық коалиция 1 мамырдан әскерін әкете бастағалы бері соңғы мәліметке қарағанда, тәліптер Ауғанстандағы 423 ауданның үштен бірін басып алған. Бұл содырлар Кабул үкіметін құлатуы мүмкін деген қорқынышты үдетті.

Ресми биліктің мәліметіне қарағанда, 11 шілдеде үкімет күштері Тәжікстанмен шектесетін Тахар провинциясының орталығы Талукандағы шабуылға тойтарыс бере алған.

“Қарсыластың шабуылына тойтарыс берілді, олар қатты зардап шекті, көп шығынға ұшырады. Нәтижесінде қарсылас тараптың 55 солдаты оққа ұшты, 90 жараланды” деді Тахар губернаторы Абдулла Карлук.

Дегенмен губернатордың тұжырымы әзірге расталған жоқ. Қорғаныс министрінің хабарлауынша, үкімет Талукандағы "Талибан" шоғырланған нысандарға әуеден шабуыл жасаған. Ондаған солдат қаза болған.

Талукан – "Талибан" басып алуға күш салып отырған провинция орталығы. Өткен апта басында "Талибан" күштері солтүстік шығыстағы Бадгис провинциясының орталығы Калайи-Науға басып кірген. Полиция мен қауіпсіздік күштерін тұтқынға алған. Содырлар губернатордың кеңсесін басып алуға тырысқаннан кейін үкімет күштері оларды кері қайтарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG