Accessibility links

Куба билігі полициямен қақтығыста бір адамның мерт болғанын растады


Штаттық киімдегі полиция қызметкерлері наразыларды ұстап жатыр. Гавана, 11 шілде 2021 жыл.
Штаттық киімдегі полиция қызметкерлері наразыларды ұстап жатыр. Гавана, 11 шілде 2021 жыл.

Куба билігі 13 шілдеде демалыс күнгі билікке қарсы наразылық кезінде полициямен қақтығыста бір адамның мерт болғанын растады.

Куба ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, 12 шілдеде 36 жастағы ер адам Гавана маңында опат болған. Қақтығыс кезінде жарақаттанған және ұсталған адамдар болған, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Арасында екі полицей де бар.

Билік демонстранттарды үйлерге басып кіріп, өрт қойды, электр сымдарын бүлдірді деп айыптады. ІІМ мәлімдемесінде наразылардың сонымен бірге "полицейлер мен бейбіт азаматтарға тас лақтырып, пышақ және өзге де заттармен тап бергені" жазылған.

Елде экономикалық дағдарыс өршіп, індет ушығып, азық-түлік тапшылығы туындаған шақта наразылар 11 шілдеде көшеге шыққан. Бұл соңғы жылдардағы үкіметке қарсы наразылықтың ең ірісі. Билік үкімет сыншыларын қуғындап, жазалап жатыр.

Куба үкіметі демонстрацияларды Кубада туған америкалықтар әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Куба астанасы Гаванаға жұмылдырылған полиция күші 13 шілдеде де тарқамады. Қалада интернет пен мобильді байланыс нашарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG