Accessibility links

Қырғыз-қазақ шекарасында жүзден астам жүк көлігі өте алмай тұр


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақ-Тілек" тексеру-өткізу бекетінде жүк көліктері тағы тұрып қалды. 15 шілдеде таңертең мұнда жүзден астам жүк көлігі тұрғаны анықталды. Бұл туралы Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.

Шекарадан өте алмай тұрғандардың 30-40 пайызы – автокөлік контейнерлері, қалған жүк көліктеріне азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар тиелген.

Шекара қызметі осы уақытта жүк тасымалы көп болатынын, кезек содан пайда болғанын хабарлады. Шекарадағы басқа да бекеттерде кезек жоқ.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жеті автокөлік бекеті жұмыс істейді: "Ақжол", "Ақ-Тілек", "Чалдыбар", "Кең-Булун", Шу облысындағы "Токмок", Талас облысындағы "Чон-Капка" және Ыстықкөл облысындағы "Каркыра".

Жүк көліктері "Ақ-Тілек", "Чалдыбар", "Чон-Капка" және "Каркыра" арқылы өте алады.

Темір жол вагондары "Қайыңды" тексеру-өткізу пункті арқылы өтеді.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасының қырғыз жағында жүк көліктері үнемі кезек күтіп қалады. Мұндағы кезек кейде бірнеше шақырымға созылады. Алдыңғы жылдары шекарадағы бақылаудың күшеюі Қырғызстан мен Қазақстан арасында дау туғызған. Сарапшылар мұны көрші елдердің сауда соғысы деп сипаттаған. Дау Дүниежүзілік сауда ұйымына дейін жеткен.

Қазақстан мен Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына мүше. Ұйым елдерінде тауарлар ешқандай кедергісіз тасымалдануы тиіс. Бірақ оған мүше елдер ұйымдағы әріптесіне шектеу шараларын қолдануды доғармай отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG