Accessibility links

Оралда екі белсенді "бейбіт заңын бұзды" деп бес тәулікке қамалды


Демалыс Бисекешев.
Демалыс Бисекешев.

Оралда әкімшілік сот Демалыс Бисекешев пен Батырбек Ажғалиевті "бейбіт митинг заңын бұзғаны үшін" бес тәулікке қамады.

Бисекешовтің соты 16 шілде кешке өтті. Ол сотта өзін аяқ астынан ұстап, полиция бөлімшесіне әкеліп, хаттама толтырғанын айтты. Бисекешевті 13 шілдеде Оралда өткен "заңсыз митингіге қатысты" деп соттады. Белсенді айыпты мойындамай, кез келген азамат өз ойын ашық айтып, бейбіт митингіге шығуға құқығы бар деді. Сот оның сөздерін ескермеді.

Ажғалиевтің соты да 16 шілдеде өтті. Бұл туралы Азаттыққа оның әпкесі Мүслима Ақмамбетова хабарлады.

- Таңертең 7:30-да жұмысқа шығып кеткен. Кейін маған хабарласып, өзін ұстап әкеткенін айтты. Аялдамада я үйінің алдында күткен сияқты. Телефонмен тек ұстап әкеткенін айтты, - деді Ақмамбетова.

Әкімшілік соттың баспасөз қызметі Ажғалиевтің "бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен бес күнге қамалғанын растады.

  • 13 шілдеде Оралда он шақты адам орталыққа жиналып, коронавирусқа қарсы вакцинаны міндеттемеуді талап еткен.
  • Қазақстанда азаматтар бейбіт митинг өткізетінін билікке алдын ала ескертуі тиіс. Рұқсат етілмеген митингіге қатысқандар кейін ұсталып, жауапқа тартылады.
  • Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Қазақстандағы бейбіт митинг заңы азаматтардың конситуциялық құқығын шектейді деп сынап, биліктен жұртқа өз ойын еркін айтуға рұқсат беруді сұрап келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG