Accessibility links

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар 5 миллионнан асты


Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар 5 миллионнан асты. Бұл Қазақстан халқының 26,2 пайызын құрайды. Денсаулық сақтау министрлігінің 22 шілде күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

2 миллион 992 мың адам вакцинаның екінші дозасын алған. Бұл халықтың 15,9 пайызына тең.

Ақпаратқа қарағанда, 21 шілдеде республика бойынша шамамен 43 мың адам екпе салдыртқан.

Вакцина науқаны бойынша елдегі ең ірі қала – Алматы қаласы бәрінен алда тұр. Мұнда 670 мың адамға (тұрғындардың 33,3 пайызы) вакцинаның бірінші дозасы салынған. 415 мыңнан астам адам екі дозасын алған. Түркістан (515 мың немесе тұрғындардың 33,3 пайызы) мен Алматы облыстарында (513 мың немесе 24,6 пайыз) вакцинаның бірінші дозасын алғандар жарты миллионнан асқан.

Қазақстанда вакциналау науқаны ақпан айында басталған. Бірақ алғашқы екі айда вакцина тек медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдерге салынды.

Қазақстанда вакцинаның жалған паспортын сатып алушылардың көбейгені жайлы ақпарат жиі шығады. Бұған дейін билік оған байланысты оннан астам қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG