Accessibility links

Дзюдошы Елдос Сметов Токио олимпиадасының жартылай финалына шықты

Елдос Сметов Токио олимпиадасында. 24 шілде 2021 жыл.
Елдос Сметов Токио олимпиадасында. 24 шілде 2021 жыл.

24 шілдеде Токио олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 60 келіде жартылай финалға шықты. Ол екінші айналымда Михраш Аккушты, ширек финалда оңтүстік кореялық Ким Вон Джинді (әлем чемпионатының екі рет қоласын алған) жеңді.

Енді Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, Рио ойындарының қола жүлдегері Наохиса Такатомен (Жапония) белдеседі. Екінші жартылай финалда Лука Мхеидзе (Франция) мен Янг Юнг веймен (Тайвань) кездеседі.

Сметов – 2016 жылғы Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. 2015 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы.

2016 жылы Рио олимпиадасында әйелдер арасында 48 келі салмақта қола медаль алған Галбадрах Огтонцэцэг Токиода бірінші айналымда Қытай спортшысы Ли Яньяньнан таза (иппон) жеңілді.

Моңғолияда туған Галбадрах 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің атынан жарысқа қатыса бастаған. Ол Моңғолия құрамасына ене алмаған соң Қазақстан құрамасына ауысқан еді.

60 келіде финалдық кезең Алматы уақытымен 14.00-де басталады.

Токио олимпиадасы 23 шілде - 8 тамыз арасында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан 97 лицензия алған.

Азия интернетін шулатқан Рыпакова һәм стадион сыртындағы наразылық. Олимпиада ашылуы қалай өтті?

Токио олимпиадасының ашылу салтанатының басы. Олимпиадалық стадионға спортшылар, әр елдің делегация мүшелері, журналистер және құрметті қонақтар ғана кірді.
1/14 Токио олимпиадасының ашылу салтанатының басы. Олимпиадалық стадионға спортшылар, әр елдің делегация мүшелері, журналистер және құрметті қонақтар ғана кірді.
Олимпиада ойындарының "Жылдам, күшті, биік, бірге" деген ұраны. Олимпиада стадионында 6 мың спортшы мен делегация мүшесі, 900 қонақ, 3500 журналист отырды.
2/14 Олимпиада ойындарының "Жылдам, күшті, биік, бірге" деген ұраны. Олимпиада стадионында 6 мың спортшы мен делегация мүшесі, 900 қонақ, 3500 журналист отырды.
Токио олимпиадасының ашылу салтанаты төрт сағатқа созылды.
3/14 Токио олимпиадасының ашылу салтанаты төрт сағатқа созылды.
Олимпиаданың ашылу салтанаты болып жатқанда стадион сыртында ойындарға қарсы наразылық өтіп, жиналған жұрт шара аяқталғанша айғайлап, қарсылық білдіріп тұрды. Елде түрлі сауалнамалардың нәтижесіне сай, жапондардың көбі олимпиада ойындарының өтуіне қарсы. Олар коронавирустың тарауына байланысты ойынды өткізбеу керек деген.
4/14 Олимпиаданың ашылу салтанаты болып жатқанда стадион сыртында ойындарға қарсы наразылық өтіп, жиналған жұрт шара аяқталғанша айғайлап, қарсылық білдіріп тұрды. Елде түрлі сауалнамалардың нәтижесіне сай, жапондардың көбі олимпиада ойындарының өтуіне қарсы. Олар коронавирустың тарауына байланысты ойынды өткізбеу керек деген.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты.
5/14 Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұстап шықты.
Ашылу салтанатынан соң Рыпакова Азия интернетінің жұлдызына айналды. Жапондар мен Азияның басқа да елдеріндегі көрермен оны &quot;ең әдемі ту ұстаушы&quot; деп, Рыпакованы компьютерлік ойындардағы ханшайымға ұқсатты. Жапониялық геймерлер Twitter желісінде Ольганы түрлі ойындардағы персонаждарға <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/31374780.html" target="_blank">ұқсайды деп жатты.</a></strong>
6/14 Ашылу салтанатынан соң Рыпакова Азия интернетінің жұлдызына айналды. Жапондар мен Азияның басқа да елдеріндегі көрермен оны "ең әдемі ту ұстаушы" деп, Рыпакованы компьютерлік ойындардағы ханшайымға ұқсатты. Жапониялық геймерлер Twitter желісінде Ольганы түрлі ойындардағы персонаждарға ұқсайды деп жатты.
Қазақстан олимпиадаға 97 лицензия алған.
7/14 Қазақстан олимпиадаға 97 лицензия алған.
Ашылу салтанаты кезінде аспанға мыңнан аса дрон ұшып, жер шарының макетін жасады.
8/14 Ашылу салтанаты кезінде аспанға мыңнан аса дрон ұшып, жер шарының макетін жасады.
Олимпиада алауын жапониялық теннисші Наоми Осака (Grand Slam жарыстаның жеңімпазы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы) жақты.
9/14 Олимпиада алауын жапониялық теннисші Наоми Осака (Grand Slam жарыстаның жеңімпазы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы) жақты.
Олимпиада алауы жанған сәт.
10/14 Олимпиада алауы жанған сәт.
Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Жабылу салтанаты 8 тамызда өтеді.
11/14 Олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Жабылу салтанаты 8 тамызда өтеді.
Олимпиадаға екі жүзден астам елдің спортшылары қатысып, елуге жуық спорт түрінен жүлдеге таласады. Жарыстар көрерменсіз өтеді.
12/14 Олимпиадаға екі жүзден астам елдің спортшылары қатысып, елуге жуық спорт түрінен жүлдеге таласады. Жарыстар көрерменсіз өтеді.
Олимпиадалық стадионда от шашу.
13/14 Олимпиадалық стадионда от шашу.
Олимпиадада коронавирус тексерісі қатаң. Спортшылар, бапкерлер, еріктілер күнде, журналистер төрт күнде бір ПТР тестін тапсыруы тиіс. Коронавирус табылса, 14 күнге оқшауланады.
14/14 Олимпиадада коронавирус тексерісі қатаң. Спортшылар, бапкерлер, еріктілер күнде, журналистер төрт күнде бір ПТР тестін тапсыруы тиіс. Коронавирус табылса, 14 күнге оқшауланады.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG