Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департамент өкілі: Зеленскийдің "олигархтардан арылу" талпынысы маңызды, бірақ жүзеге асыру қиын


АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары Джордж Кент.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары Джордж Кент.

АҚШ Украина президенті Владимир Зеленскийдің олигархтар билігін шектеу талпынысын қолдайды, бірақ оны жүзеге асыру қиын. АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды шенеунігі осылай деп мәлімдеді.

Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы 1 шілдеде олигархтардың қызметін шектейтін, оның ішінде оларға саяси партияларды қаржыландыруына тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Құжатта "олигарх" ұғымына анықтама да берілген.

АҚШ Украинаны саяси ықпалы күшті, мемлекет пен халықтың мүддесіне қайшы әрекет етіп отырған олигархтармен күресуге көптен бері үндеп келеді. Алайда сыншылар заң жобасы алалауға жол ашады деп санайды.

"Деолигархизация қажеттігімен келісемін. Ал ол қалай жүзеге асырылады – мәселе басқа. Түрлі детальдар бар, бұл өте маңызды" деді АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары Джордж Кент 20 шілдеде Киевте берген сұхбатында.

Кенттің айтуынша, АҚШ Украинаға заңнама мәселелері жөнінде кеңес береді. Бірақ заң жобасы бойынша түпкілікті қорытындыны Киевтің өзі жасайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG