Accessibility links

Ираннан қашқан, Олимпиадада Моңғолия атынан өнер көрсеткен дзюдошы күміс иеленді


Ирандық дзюдошы Саид Моллаеи.
Ирандық дзюдошы Саид Моллаеи.

Ираннан қашқан, Токиодағы Олимпиадада Моңғолия атынан өнер көрсеткен дзюдошы Саид Моллаеи күміс медаль иеленді.

81 кг салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен 29 жастағы Моллаеи финалда жапон спортшысы Таканори Нагаседен жеңіліп қалды.

2018 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Моллаеи екі жыл бұрын Ираннан кеткен. Оның айтуынша, оған израильдік спортшы Саги Мукимен күреспес үшін әлемдік біріншіліктің жартылай финалынан әдейі бас тартуды бұйырған. Шағымнан соң Халықаралық дзюдо федерациясы Иранды спорттың осы түрінен жарыстарға қатысудан шеттетті, алайда биыл Спорт арбитраж соты бұл санкцияның күшін жойды.

Иран Израильді өзінің негізгі қарсыласы деп санайды. Иран спортшылары әдетте израильдік бәсекелестерімен жарысқа қатысудан бас тартады. Әдетте олар жарысқа бармайды немесе мінберге мүлде шықпайды.

Моңғолия азаматтығын алғанға дейін Моллаеи босқындар құрамында өнер көрсеткен. 2021 жылы ақпан айында ол Израильде Мукимен кездесті. Муки оны "бауырым" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG