Accessibility links

Тәжік-өзбек шекарасынан жүздеген адам өте алмай тұр


28 шілдеде Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Фотехобод" ("Ойбек") тексеру-өткізу бекетіне жүздеген адам жиналды. Олардың дені Ресейге жолға шыққан.

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын жауып тастаған соң, тәжікстандықтар Ресейге өзбек аумағы арқылы жетуді көздеген.

Тәжік шекарашылары көрші елге Өзбекстан азаматтарын ғана өткізіп жатыр. Тәжік билігі бұның себебін түсіндіруден бас тартты.

Жүк көліктеріне Өзбекстанға кедергісіз өтуге рұқсат етілген. Бұған қоса, екі ел арасындағы рейстер белгіленген тәртіппен жүріп жатыр.

Шекараға жиналып қалғандардың айтуынша, олар Өзбекстанға ақша жоқтығына байланысты әуе рейстерімен бара алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG