Accessibility links

CDC: Коронавирустың "Дельта" түрі аса жұқпалы әрі өте қауіпті


Пандемия кезінде бетіне маска тағып жүрген адамдар. Нью-Йорк, АҚШ, 30 шілде 2021 жыл.
Пандемия кезінде бетіне маска тағып жүрген адамдар. Нью-Йорк, АҚШ, 30 шілде 2021 жыл.

АҚШ-тағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) коронавирустың "Дельта» варианты туралы ақпаратты жаңартты: ол аса жұқпалы және тіпті вакцина алған адамдар арқылы да жұғуы мүмкін. Бұл ақпаратты 30 шілде күні кешке батыс ақпарат құралдары таратты.

"Covid-19 вирусымен күресу» әдістері айтарлықтай өзгерді: "Дельта» вариантын жұқпалығы жағынан желшешекпен салыстыруға болады, оны вакцина алған адамдар да жұқтырады және коронавирустың алдыңғы түрлеріне қарағанда осы варианты анағұрлым ауыр асқынуға ұласуы мүмкін. CDC жұма күні осылай деп хабарлады.

АҚШ-та тез таралып жатқан "Дельта» вариантының қаупі коронавирустың осы жаңа түрінің ерекшеліктері жайлы халықты хабардар ету үшін жаңа әдістер қолдануды қажет етеді.

Вакцина алған адамдарға қарағанда, вакцина алмаған адамдарға "Дельта» вариантының жұғу ықтималдығы үш есе, ал аурудың асқынуы немесе Covid-19 салдарынан қайтыс болу ықтималдығы 10 есе көп.

CDC коронавируспен күресу жүргізу әдісінің өзгергенін мойындайды, енді вакцина алған адамдарға олардың жеке басына төнетін қауіп жайлы ақпар беру қажет. CDC өкілдері бұған дейін Washington Post тілшілері жариялаған құжаттың шындыққа сай болып табылатынын растаған.

Аталған құжатта вакцина алған адамдардың вирус жұқтыру ықтималдығы аз болғанына қарамастан, егер олар "Дельта» вариантын жұқтырса, онда олардың арасында вирустың одан әрі таралу ықтималдығы вакцина алмаған адамдардікімен бірдей болатыны айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG