Accessibility links

Грузиядан саяси баспана іздеген әзербайжан блогері өлі табылды


Әзербайжанның оппозициялық блогері Гусейн Бакиханов.
Әзербайжанның оппозициялық блогері Гусейн Бакиханов.

Әзербайжанның оппозициялық блогері Гусейн Бакиханов өзі саяси баспана іздеген Грузияның астанасы Тбилисиде өлі күйінде табылды. Бакихановтың туысы Автандил Мамедов пен Германияда тұратын журналистік зерттеумен айналысатын журналист Афкан Мухтарли Әзербайжан үкіметін сынап жүрген блогердің жансыз денесі 29 шілдеде табылғанын айтып отыр.

Мухтарли Facebook-те Тбилиси полициясының "блогер көпқабатты тұрғын үйден құлап кеткен болуы мүмкін" деген жорамал жасап отырғанын да жазды. Тбилиси полициясы Бакихановтың өліміне байланысты әлі ештеңе айтқан жоқ.

12 шілде күні Бакиханов YouTube-тегі парағына видео жариялап, мәлімдеме жасаған. Видеоның бірінде жедел жәрдем көлігінде отырған блогер үш күн бұрын өзі танысқан бес ер адамның Тбилиси орталығында оған қол жұмсағанын баяндаған.

Гусейн Бакихановтың YouTube-те жариялаған видеосынан скриншот.
Гусейн Бакихановтың YouTube-те жариялаған видеосынан скриншот.

"Бесеуі жабылып мені көлікке салмақшы болды. Онысынан түк шықпаған соң ұрып-соқты" деген ол бұл оқиғаға Әзербайжан билігінің қатысы болуы мүмкін деген күдігін айтады.

Гусейн Бакиханов YouTube-те видеолар жариялап, Әзербайжан үкіметін жиі сынайтын. Автандил Мамедовтың жазуынша, Бакиханов 7 мамырда Бакуде өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 күн қамауда отырып шыққаннан кейін Тбилисиге келіп, саяси баспана сұраған.

Афкан Мухтарлы Әзербайжанда Гусейн Бакихановқа полицияның қысым жасағанын айтады.

"Босап шыққан соң ол полиция азаптап, оны зорлаймыз деп қорқытқанын айтты. Тбилисиде болған кезде ол Әзербайжан билігін үнемі сынап жүрді" деп жазды Мухтарлы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG