Accessibility links

Пәкістан министрі қытайлық жұмысшыларды "ел жаулары" өлтіргенін айтты


Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши (сол жақта) мен Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Пекин, Қытай, 19 наурыз 2019 жыл.
Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши (сол жақта) мен Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Пекин, Қытай, 19 наурыз 2019 жыл.

Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши елде еңбек етіп жүрген қытайлық жұмысшылардың қазасы мен зардап шегуіне себеп болған екі шабуылға "Пәкістан жауларын" айыптады. Министр Қытай қаржыландыратын Пәкістандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жұмысшыларды нысанаға алған "жаулардың" нақты аты-жөнін атамады. Пәкістан шенеуніктері террористерді сипаттағанда "ел жауы" деген сөзді жиі қолданады.

Полиция дерегінде 28 шілде күні Карачиде қарулы адамдар атып өлтірген екі Қытай азаматының бірі Карачи атом электр стансасында жұмыс істеп жүрген ядролық энергетика саласы маманы – инженер екені айтылған. Карачи атом электр стансасы 2015 жылдан бері Пәкістанның энергетика мен инфрақұрылым салаларының ең ірі инвесторы болып саналатын Қытай қаржыландырып отырған құны 10 миллиард доллар тұратын жоба аясында кеңейтіліп жатыр.

"Бұл Пәкістанның алға қарай ілгерілеуін қаламайтын ел жауларының әрекеті" деді Куреши 29 шілде күні.

Пәкістан сыртқы істер министрлігі әуелде Пәкістанның солтүстік-батысында 14 шілде күні автобус жарылып, қытайлық тоғыз жұмысшыны мерт қылған оқиғаға "(жанғыш табиғи) газдың (құбырдан сыртқа) жайылуы" себеп болды деп мәлімдеген еді. Бірақ кейінірек тергеушілер бұл жарылысты автокөлік мінген жанкешті қасақана жасаған деген қорытындыға келген.

Автобус жұмысшыларды гидроэлектростанция бөгеті салынып жатқан құрылыс алаңына алып бара жатқан кезде жарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG